Сəлем Дана?
Сəлем Асыл
Асыл сен қандай үйірмеге қатысасын?
Мен би үйірмесіне қатысамын
Сендер қандай би үйренесіндер?
Біз əр түрлі билер үйрнеміз
Рахмен сау бол?
Сау бол
Атау -Қазақстан егеменді мемлекет
Ілік- Қазақстанның жері кең байтақ, халқы көп ұлтты.
Барыс- Қазақстанға туристер көптеп келеді.
Табыс - Қазақстанды әлем таниды.
Жатыс- Қазақстанда халыққа жақсы жағдай жасалған.
Шығыс- Қазақстаннан көптеген ғалымдар шыққан.
Көмектес- Қазақстанмен достық қатынаста болғысы келетін елдер көп.
Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
<span> Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.</span>
<span>Қазақстан-бұл менін туып өскен өлкем. Сондықтан да олмаған оттан да ыстық. Қазақстан кең байтақ,жайық дала,таулы жері өте көп. Қазақстан туралы көп нарсе айтуға болады. Оның таулары, жазық кең байтақ жерлерін, жер байлықтарын, жан жануарларын, қонақ жайлы халқын айта беруге болады. Біздің Қазақстан оллимпиада оиындарында 2012 жылы үздік ондыққа кірді. Қазақстанда мұнай,газ,көмір,менделеев кестесінің бүкіл элементтері жер қойнауында жатыр. Қазақстан үздік елдер қатарына қосылды. Халқымыздың жағдайы жақсарлы. Осының бәрі біздің ел басымыздың арқасында.</span>
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шығармалары
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған