Адал
Жомарт
Ақылды
Қарапайым
Еңбекқор
Мейірімді
Менің досым өте еңбекқор
Қызғаншақ болған өте жаман
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады.<span>Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.</span>
Менің отбасым.
Менің отбасым үлкен. (если семья не большая, пиши вместо үлкен үлкен емес) Отбасымда 5 адам бар. Олар: әкем, анам, әжем, інім және мен.
Менің әкем- ..........., 1970 жылғы, . Мамандығы- бас инженер. Қолы боста, маған физика пәнінен көмек беріп, түсіндіреді. Менің әкем- қатал, бірақ ақкөңіл адам.
Менің анам- ............, 1973 жылғы. Мамандығы- ұстаз. Анамның қолы алтын. Кез келген уақытта көмегін аямайды. Мен де анама үй шаруасымен көмектесуге тырысамын. Анамның мінезі жұмсақ, мейірімді.
Әжем-........, 1950 жылғы, ол-зейнеткер. Әжем маған жемпір, бас киім, қолғап тоқыған жақсы көреді. Менің әжем ең керемет әже.
Інім-........, 1999 жылғы, мектеп оқушысы. Сабақты жақсы оқиды. футбол мен баскетбол ойындарын жақсы көреді. Каратэмен айналысады.
Ал менің атым- ....... Мен Астана қаласында
1996 жылы, шілденін 18-ші жұлдызында дүниеге келдім. №.... мектепте оқимын. Бос уақытымда кітап оқыған, кино көрген, ән тындаған, өлең жазған ұнатамын. Спорт жағынан да қалыспауға тырысамын. Маған қазақ тілі, физика, математика, денешынықтыру пәндері ұнайды.
- Досым, мен қазақ тілін тереңдетіп үйренгім келеді.
- Жақсы, мен саған бұл туралы азғантай кеңестер бере аламын.
- Жарайды.
- Ең алдымен әртүрлі сөздердің мағыналарын біліп алу үшін сөздіктерді пайдаланғаның жөн. Және де қазақ тілінде кітаптарды, әртүрлі газет-журналдарды оқығаның да артық болмайды.
- Жақсы, осы айтқандарыңды істеуді әдетке айналдырайын. Қазақ тілін үйренудің тағы да басқа тиімді тәсілдері бар ма?
- Иә. Сен теледидар мен әртүрлі желілер арқылы қазақ тіліндегі бағдарламаларды, видеоматериалдарды, мультфильмдерді көруіңе болады.
- Бұл тіл үйренудің тамаша жолы екен!
- Сонымен қатар қазіргі таңда ғаламторда қазақ тілінде әртүрлі логикалық, ойды дамытатын және тағы басқа ойындар шығып жатыр. Соны байқап көруіңе болады.
- Қандай қызықты тәсіл десеңші!
- Дұрыс айтасың. Және де қазақ тілінде жиі мәтіндерді оқы, жиі әртүрлі шығармалар жаз.
- Көмегіңе, берген кеңестеріңе көп раxмет, досым! Қазақ тілін жетік меңгеруге барымды саламын.
Жол белгілері пайдалы, қауіпсіз зат. Егер жол белгілері болмаса, қаншама адамдар жазықсыздан жол апаттарына ұшырайтын еді. Жол белгілері көліктерге ғана емес, адамдарға, балаларға қажетті зат.