Менің атамның есігінің алдында үлкен бау- бақша бар. Бауда түрлі жемістер өседі. Бақшаға атам түрлі көкөністер егеді. Ешқашан жеміс-жидек пен көкөністерді базардан сатып алмаймыз. Бәрі атамның бау-бақшасында болғандықтан.
Аңыздарға сүйенсек.Домбыраның шығу тарихы туралы аңыз бойынша ерте заманда Алтай өлкесінде ағалы-інілі екі дәу өмір сүріпті. Кіші інісінде домбыра болыпты, ол домбырада ойнағанды өте жақсы көріпті. Домбырада ойнаса, айналасындағы бәрін ұмытады екен. Ал, үлкен ағасы менменшіл және атаққұмар болыпты. Бір күні ол атының шыққанын қалап, суық және асау өзен бойынан көпір салудыойлайды. Тас жинап, көпірді сала бастайды. Ал, кіші інісі домбырада ойнай береді. Солай,күндерден күн өте береді. Кіші інісі ағасына көмектеспей, сүйікті аспабында ойнай береді.Үлкен ағасы ашуға мініп, домбыраны інісінен жұлып алып, тасқа бір ұрады. Тамаша аспап сынып, әуеннің үні өшеді, бірақ таста оның ізі қалады. Көпжылдар өтті. Адамдар таста қалған домбыраның ізін тауып алып, сол бойынша жаңа домбыралар жасай бастады, сөйтіп, көп уақыттан бергі өшіп қалған домбыраның үні жаңғырды.
Күшейткіш
Ең биік үй. (ең)
Өте әдемі көйлек. (өте)
Сұрау
Бүгін кім? келеді. (кім?)
Сағат неше ?болды.(неше)
Болымсыздық
Анашым ешқашан ауырмаңыз (ешқашан)
Сабақта ешкіммен ұрыспа (ешкіммен)
Қазақстанда дамыған спорт түрлері қатарына бокс,хоккей,волейбол,велосипед,ауыр атлетиканы жатқызуға болады Бокс спортынан Олимпияда жүлдегерлері Серік Сапиев,Әділбек Ниязымбетов,Ал ауыр атлетикадан, Илья Ильин- Олимпиада жүлдегері төрт дүркін чемпионы.
Спортпен шұғылданған адам мықты,төзімді,және шыдамды болады.
Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.Өзiнiң <u>биологиялы</u>қ құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай.
Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "<u>к</u>iлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "<u>бал </u>қаймақ" алынады.
Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.Құрт – кальцийдің көзі. Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі.