ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір- бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады (насекомдар , кейбір құстар) бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі. Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар адам баласына тамақ, бағалы аң түрлерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді.Бұл 15 млн тонна ет деген сөз.Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар.Оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.
Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі.Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді.Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт-қореткілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті.Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң – құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтардың өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Республикамызда тек соңғы бес жылда 16,5 миллион сомға аңдардың баңалы терілері дайындалып, мемлекетке өткізілді. Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда бір миллион 350 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23 – 25 мың тонна ет, 35 – 40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудан алынған. Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.Күн күркіресе, көп дүркірер. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Боранда күні ит пен бала құтырады. Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.
Біздің сынып таза. Біз тақтаны сүртеміз. Парталарды жуып тұрамыз.Тазалықты сақтау керек! Гүлдерге су қүямыз.