Ана жайлы ойыңды, айтып
тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де
анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да
болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана
әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам
баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы
алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына
еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де –
«ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан
қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа
жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін
бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай
ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды
меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт
бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды
өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның
саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам
қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі
анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың
қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді
тербетеді.  Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына
ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең
бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз
аман болсын!
1. дұрыс емес 2. үлкен кісіге, ата анаңа инабаттылық көрсетіп сіз деп сөйлеу керек. 3. сіз деген құрметтеуді, сыйласуды білдіреді. 4. үлкен болсын кіші болсын бəріне сіз деп сөйлеу өзбек халқының дəстүрі. 5. біз үлкендерге сіз деп сөйлеп сыйластықпен қараймыз.
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 780 880 адам тұрады (1 ақпан 2013)[1]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.  Толық мақаласы: Астана қаласының Бас жоспарыАстана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.
Бір күні ұзақ шөлдеді.Кенеттен ол жерде тұрған құмыраны байқап қалды.Сосын ол құмыраға тұмсығының салып, су ішпекші болды.Ұзақтың тұмсығы құмырадағы суғару жетпеді.Сөйтіп ол құмырадағы суға тас салды.Құмырадағы су көтерілді.Ұзақ құмырадағы суды ішті.