Отбасы - кішігірім әлеуметтік топ немесе қауымдық жасуша.
Жаз маңдайы жарқ етсе,
Көтерілді көңілім.
Жек көрмедім сендерді,
Серуендеді серігім.
Жаз маңдайы жарқ етсе,
Қаз - құстары қаңқ етер,
Кімнің жылытпас көңілін.
Егіншілер сайлады
Мойынтұрық, самиян,
Ат, атан, өгіз - көлігін.
Жер киініп, құс келіп,
Мына жылы шуақта,
Жан - жануар бір алды,
Басындағы бөрігін.
Қыстайғы науқас қара жер,
Шығарды ауру - өлігін.
Бозбалалар ат ұстап,
Аударысып жарысып,
Бастады тағы желігін.
Бойжеткен қыз, келіншек,
Топтанып, сапқа тізіліп,
Бүйрегінен бүлкілдеп,
Әзілдесіп, езіліп,
Суға түсіп жабырлап,
Жарқ еткізіп өңірін.
Диқаншылар қуанып,
Балалар мәз боп қуанып.
Тұқымның шашты төгінін,
Боталы түйе,қозылы қой,
Құлынды бие, буаз мал,
Толтырды кекпен желінін.
Саятшы, мерген іздеп жүр
Таудың ұлар, елігін.
Жаз - құдаша келді де,
Қыстың зәрін тарқатты.
Жаз - құдаша жарқылдап,
Жер бетіне көк көрпе
Салды дағы отырды.
Жаз-құдаша
Мен шаттанып қуандым
Түскендей - ақ келінім.
Қуансам да мәз болып,
Қолайсыз уақ кез болып,
Табиғат жасап таршылық
Қолдан тартып ап кетті,
Күткен құдашамыздың,
<span>Төрт - ақ ай ғып өмірін.</span>
Көкпар қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Көкпарды көп наурыз мейрамында ойнайды.Көкпар ойынын атқа мініп ойнайды.Көкпар ойыны өте қызық ойын
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.<span>
</span>