Ас ішіп отырғанда сөйлеге болмайды.
Нанды жерге тастама.
Жерде нан жатса оны көтер.
Тамақты нансыз жеме.
Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
<span>Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. </span>
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
<span>Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. </span>
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
<span>Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
</span>
Ответ:
Сенің сүйікті актері кім???