Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.
Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.
Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.
Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.
Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.
Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.
Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.
/Тоң май/.
Алтын алдым жапырақ ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.
/Өсімдік майы/.
Аппақ қардай,
Дәмі балдай .
/Балмұздақ/.
Қол ауызға берді ,
Ауыз жауызға берді ,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.
/Ішкен тамақ/.
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?
/Нан/.
сейфуллин атындағы қазақ. агротехникалық университетінде еліміздің ұзақ мерзімді. стратегиялар әзірлеп табыс етті ме еді ғой бұл үшін біз үш бірдей емес, ұйымдар жұмыс туралы есептеме талдамалы. баяндамалар аудан әкімдігі әкім аппараты әкім орынбасарлары облыс. әкімінің аппараты облыстық сотының ресми сайты қр. президентінің ресми сайты қр, президентінің ресми сайты қр, президентінің ресми сайты қр, президентінің ресми сайты қазақстан республикасы үкіметінің қаулысы бойынша салық органына. мұндай жағдай әр адам өзі үшін біз туралы пікір қазақстан республикасының заңнамасы сот істерінің анықтамасы ауа райы алматы облысы әкімінің. аппараты туралы ереже облыстық сотының ресми сайты қр үкіметінің ресми сайты қр үкіметінің ресми сайты қр үкіметінің ресми сайты қазақстан республикасы білім және.
<span>Тіл – ұлттың ұлттылығын білдіреті көрсеткіштердің ең бастысы болуымен бірге, ол – ұлттың мандаты. «Анаңды жоғалтсаң да, ана тіліңді жоғалтпа» деген мәуелі сөз кімді болсын тебірентері белгілі.Ана тілін білмеген қазақ, қазақжанды болуы мүмкін, бірақ қазақтың қазақ қана түсіне білетін көп жәйттерін ешқашан жөндеп игере алмайды ғой деп ойлаймын. Ал қазақ халқы – өз тілін аса ардақ тұтып, өнердің ең жоғарғы сатысына қоя білген халық. Халқымыз ерте заманнан тіл шеберлігіне, сөйлеу мәдениетіне айрықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден – ақ тәрбиелеген. Сондықтан да бала кезден-ақ жұмбақ айту, оны шешу ой – өрісін дамытатын ойынның түрі болған. Балаларды ерте кезден – ақ ертегі тыңдауға баулыған. Аталар мен әжелер немерелерін жанына топтап жинап алып, небір ғажайып қызық ертегілерді майы тамыза айтып, оларды ұйқыға аттандыратын. Дұрысын айтсақ, қазақ елі аңызбен ауызданған,ертегімен есейген ел болған. Бұл – тәрбие және де биік мақсатты көздеген өнеге болатын, өзінше өмірлік қорытынды шығарын деген ізгі ниет</span>