Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қаз
Өтірік айтуға болмайды, өйткені өтірік адамдарды ақымақ етеді. Бірақ өтірікті жақсы жағынан да пайдалануымызға болады, ол адамдарды бақытты етеді. Бірақ адам көп өтірік айтса ол өтрікші болады. Мен өтірікті ешқашан айтпаймын!
Ұлы Абай: «Халық даналығы – қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Халық сол астарлы, ақылды, ұшқыр асыл сөздерімен билік айтып, соны заң деңгейіне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік тапжылмайтын үкім деп есептелген… Ал, қазақ халқының осындай белгілі сөздері, айтқан ойлары, амал не, хатқа түспей, көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келді…», – дейді. Өте орынды айтылған ой. Бұл жайт бүгінгі күнге дейін еш құнын жоймағаны сөзсіз.
Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз