Бұрынғы оқушы мен қазіргі оқушылардың ұстайтын заттарында айырмашылықтар бар.Мысалға алатын болсақ,ата-бабамыз жазуды қазіргідей қаламмен жазбаған.Ол кезде олар сиямен жазған.Қазіргі кезде қаламмен жазады.Жəне бұрынғы кезде телефон болмаған,сондықтан əр оқушының қолында кітаптар,ұлы ақындар мен жазушылардың шығармалары болған.Ал қазір əр оқушыда телефон бар.Бұрынғы кезде қазіргідей неше түрлі қарандаштар мен түсқағаздар болмаған.
Быздын баудын жузымдеры дамы татты, тусы кулгын,туры сопакша.
Мәтінді жарнамалау
тапсырыс беру
тапсырысты қабылдау
ұқыпты пайдаланушы
екінше нұсқа
қатаң қадағалау
есептерді есептеу
қарапайым адам
ыңғайлы орындық
таңғалдырар ерекшелік
оң жақ қалта
<span>аса қажеттілік</span>
Торғайлар (лат. Passer) – торғайтәрізділер отрядына жататын құстар туысы. Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған, кейбір түрлері жерсіндіру мақсатымен Америка, Австралия мен Жаңа Зеландияға апарылған. Қоразы мен мекиенінің сыртқы түсі әртүрлі: қораздарының тамақ асты қара түсті болады. Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Көптеген түрлері – синантропты. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Еуразия аймағында кең тараған түрлері: үй торғайы (P. domestіcus); үнді торғайы (P. іndіcus) және дала торғайы (P. montanus). Орта Азия мен Кавказ сыртында ағаштарда үлкен топ құрып өмір сүретін испандық немесе қаратөс торғай (P. hіspanіolensіs) басым. Шөл даланы мекендейтін сексеуіл торғайы (P. ammodendpі); шөл торғайы (P. sіmlex) мен Сахалин, Оңтүстік Куриль аралдарында кездесетін жирен торғай (P. rutіlans) адамдар мекендерінен тыс жерлерде тіршілік етеді. Үнді және испандық торғайлар – дәнді дақылдардың зиянкестері. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.
Өмір - күрес
Мына жалған адамзатты адастырмай қоймайды. Әрине, Алла Адамұлын жерге сынақ үшін түсірді. Енді осы сынақта қаншама жан өзінің болмысын ұмытып, адамгершілікке сай келмейтін істерді жасауда. Бәлкім, мен де солай болып отырған шығармын, ақиқаты Аллаға аян. Бірақ мына заманда инабат пен Алладан қорқу деген сезімі жоқ қоғамды қоғам деп айта алмаймыз. Мемлекет өзінің азаматтарын қорғай алмаса, несіне мемлекет болып аталады. Ал біздің мемлекет өз азаматтарының осы дүниесін қарық қылмай жатып, арғы дүниесінде Алламен қауыштырар амалдарына тосқауыл қойып жатыр. Сонда, біздің жалғанымыз да сорлы, бақи өмірімізде сорлы күйге енбек. Менен Алла мен мемлекет арасында таңдау жасаса, мен әлбетте Алланы таңдар едім. Соған ғана үміт етіп өмір сүріп жатқан соң, мен одан бас тарта алмаймын, шапса да, атса да! Енді мемлекет өз азаматарын осындай таңдау жасайтын заңды неге қабылдады деген ой келеді? Салихалы ел болу үшін салихалы заң керек. Ал мына заңды салихалы деп айта алмаймын. Кеңес кезінде “намаз оқылма” деген заң болмаған, менің біліуімше. Ал мынау заң Кеңес дәуірінен де қатал талап шығарды. Сонда біздің зайырлылығымыз қайда, демократиялы ел болғанымыз қайда? Жұмыс уақытында орындау болмайды депті. 24 сағаттың ішінде 5 уақыт тек ислам дінінде ғана құлшылық қарастырылған. Ал қалған діндерде құлшылық деп ауыз толтырар құлышылық та жоқ қой. Мейлі мен мұсылман болмағанның өзінде исламнан өзге діндерде құлшылық қылатын күндерін демалыс жариялаған, христиандар жексенбіні, яхудилер сенбіні. Ал біздің мемлекет діни демалыс бермек былай тұрсын, күніміздегі құлшылығымызға тосқауыл қойып жатыр. Мұның бәріне жауап берілетін, жауапқа тартылатын нәрселер болғандықтан елбасы мен сенаттағы отырған көкелер мына заңды қайта қарауы қажет. Сосын мұсылмандығымызға зиян тимейтін заң жасап шығаруы тиіс. Мен христиан дініндегілерге еш қарсы емеспін. Олар да адам баласы. Олар да жексенбіде құлшылық қылуына еш өкпем жоқ. Мына заңда обал болатын тұс бес уақыт намазхандарға. Олар енді еш қорықпай намаздарын тәрік қыла берсін, оны мемлекеті мәжбүрлеп тұр ғой. Бақида сұрақ берсе, осы заңды қабылдағандарды нұсқайтын болады да. Соған мәжбүрлеткен, парламенттегі көкелер ғой. Амал нешік, Аллаһ қайырын берсін! Біздің жағдайымызды жақсы жаққа қарай өзгертсін деп дұға қылғаннан басқа амал жоқ.