Мен тоғызыншы сыныпта оқимын. Биыл қиын жыл, сондықтан мен есептен, тарихтан және ағылшын тілінен қосымша сабаққа барамын. Ол "Достықта" орналасқан. Есеп менде аптасына төрт рет, тарих пен ағылшын тілі екі реттен. Екінші күндері менде екі тарих, екі есеп, төртінші күндері екі есеп, сенбі күндері екі ағылшын. Мен топта оқимын. Мұғалімдер онда жақсы оқытады, олар көңілді.
Достықта дәл мектептегідей. Сабақ он бесте басталады. Сабақтар қырық бес минуттан болады, бес минуттан үзілістер бар және үй тапсырмасы бар.
Маған "Достыққа" бару ұнайды.
Әуежайда кассаға ер адам келді. Ол демалысында Мальдивқа жиналған. Ол интернет арқылы билетке тапсырыс берген, енді кассаға оны ауыстыруға келді. Кассир билетті қуана ауыстырып берді Ер кісі демалуға кетті. Кері қайтарында оғн тағы сол қыз қызмет көрсетті, бәрі жақсы өтті.
1.Табыс
2.Ал
3.Бата
4.Ана
5.Лақ
6.Дос
7.Шаңырақ
8.Алғыс
9.Қант
10.Қара
Мәдениет және өнер
қызметкерлерінің күні
қарсаңында аудандық
балалар кітапханасында
аудандық мәдени-демалыс
орталығының қызметкері,
танымал талант Тимур
Тапаловпен «Сыр сұхбат»
кездесу кеші өтті.
«Сыр сұхбатқа» шақырылып
отырған Тимур Тапалов –
облыстық, халықаралық
конкурстардың жүлделі
орын иегері, классикалық
туындылардың шебер орындаушысы, талантын мен деген мықтылар
мойындаған Тасқала түлегі.
Жас оқырмандар әншіге түрлі сұрақтарын қойып, «тірі» дауыста әндерін тыңдады.
Қырық бес минуттық шара барысында кеш кейіпкерінің балалық шағына саяхат
жасалып, репертуар таңдаудағы талғамы, қызығушылықтары әңгімеге арқау болды.
Бақсақ, әншіміз сазсырнайда ойнап, құмай баптайды екен.
Кейіпкердің болмысын ашқан, шараның мәнін асырған ұстазы Бәтима Қайырғалиева
болды.
– Мен білетін Тимур сезімтал бала. Төменгі класта «Іңкәрім менің» тақырыбында
шығарма жаздырған едім. Бұл тақырыпты әркім өзінше тарқатыпты. Сонда Тимур
анасы туралы жазған екен. Ананың ақ сүтін ақтауды борыш санайтын бала екен деп
бір сүйсініп қалдым. Тағы бір шарада Мұқағалидің «Махаббат мұңы» деген өлеңін
оқыттым. «Түу, апай,әй! Махаббат деген қасіреті, қасиеті бар сезім екен ғой» деп еді.
Осы сөзімен де асқан сезімталдығын, жүрегінің жұмсақтығын аңғартқан еді.
Аудандағы шара біткен Тимурсыз өтпейді. Қатысқан байқау, конкурстарынан құр қол
қайтпайды. Ұстазы ретінде қуаныштымын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді, ұстаз біткен
осындай мақтаулы шәкірттерімен пұлды. Тимурдың шыққан биігін «менің де биігім»
деп танимын. Алдағы уақытта да шәкірттерімнің тек жеңістерін көргім келеді,-деді
сөз алған Бәтима Зейнешқызы.
Тимур әріптесі Айбек Каховтің гитарада сүйемелдеуімен тамылжыта ән шығарған
кештің көрігін қыздырды.
– Біздің балаларымыз өз өлкеміздің таланттарын танымаса да, мұхиттың арғы
жағындағы Наоми Кэмпбелл, Мадоналардың өмірбаянын жатқа біледі. Осы тұрғыда
ауданымызға аттары танымал адамдармен осындай сыр сұхбаттар өткізіп,
таныстыруды жөн деп таптық, -дейді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
Елена Мусина.
Шараға белсенді қатысқан жас оқырман да марапатсыз қалмады. Әншінің қолтаңбасы
бар кітап тарту етілді.
ОКЖ балалар мен жасөспірімдер әдіскері Гүлнар Мурзекеева бастамашы болған осы
бір игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенеміз.
1)кәсіпкерлікпен
2)өз кәсібін
3)қызыметкерді
4)айналыса алады
5)табыс көзін
6)мемлекет тарапынан