Күз мезгіліндегі табиғат бейнесі қандай болады?
Күз мезгілі табиғатының әдемілігі сондай, жапырақтар сарғайып, көкөністер жиналады.
Күз мезгілінің ауа райы қандай?
Күз мезгілінде жел тұрып, жаңбыр жауып, күн салқындай бастайды.
Күзде адамдар не істейді?
Күз мезгілінде адамдар жылы киініп, егіндерін жинайды.
<span>Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген."Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы ка-дет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин). Ол осында белгілі шығыстанушы ғалым И. Н. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның "Жарлығына" талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.</span>Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспеди-цияға катысьш, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жонғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, кырғыз елін жете зерттеп, Ыстыккөл аймағының картасын жасасады. "Манас" жырын жазып алып, Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси кұрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы" атты еңбегі дүниеге келеді. Бұл — Шығыс Түркістан халықта-рының тарихына, әлеуметтік кұрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жүмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.Шоқаннан қалған мұраның бірі — бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. "Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім — өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді" деп жазады ол бұл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. Осыдан кейін М. Г. Черняевтің экспедициясында болып, оның жазықсыз елді қырғынға ұшыратқан қанқұйлы қаталдығын көргендегі жан күйзелісіне қосылып, Шоқанды бәрін тастап, ел арасына кетуге мәжбүр етеді. Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.<span>Шоқанның мандайына "жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай" қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол сол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.</span>
ЕнгізІздеуПікір қалдыр

Негізгі бетМазмұны - Ертегілер
- Ойын паркі - Оқиғалар - Энциклопедия - Қызықты мәліметтер - Денсаулық - Тарихтан Тағылым - Жануарлар әлемі - Мақалалар - Мультфильмдер - Өлеңдер - ҚолөнерЖурнал - Журналға жазылу - Журналға сурет жүктеу - Журналды онлайн көру - Галерея - БайланысЖарнама
Негізгі бетЕртегілер әлеміҚаңбақ шал

Принтерге шығару
Қаңбақ шал

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен.ОҢАЙ ҒОЙ .
Абай иниси Шакаримди оку билимге баулыды.Аксуат -киели жер.Актобе менин ата мекеним.Кишкентай Ажар уйн астан кестен кылды.Ата ана -басты байлыгым.Онын жасы он екиге келди.Менин анамнын жасы отыз бесте.Ауылга келген бала кара торы екен.Жиналыска бирли жарым адам келди.Бираздан сон мектепке де жетемин.Апатайым енбекакысына шансоргвш сатып алдв