Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар [35] қалдырайын. Ықылас бірлəн оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат — əуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нəрселер бірлəн. Мұның табылмақтығына себептер — əуелі һауас сəлим [36] һəм тəн саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ əлгі айтылған үшеуінен болады.
Ғылым-білімді əуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық өзің танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жəліб мəнфағат[37] дəфгы мұзарратларны[38] айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Аның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады я ол балалары өздері барған болады — ешбір бəһра[39] болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымга да, ұстазға да, хаттə[40] иман иғтиқатқа[41] да қиянат бірлəн болады. Бұл қиянатшылар жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кəмелат[42] таппағы — қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі — хақиқат жолы. Хақиқат бірлəн растық — қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?
Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, əр нəрсенің түбік, хикметін білмекке ынтық бірлəн табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һəмманы білетұғын ғылымға нттықтық, өзі де адамга өзіндік ғылым береді.
Менің сүйікті киноактерім — Джейсон Стейтэм. Джейсон қырық бес жастағы ағылшындық киножұлдыз. Кинофильмдердің ішінен мүйікті жанрым боевик болғандықтан, Джейсонның кинофильмдерін көп кезіктірем.Джейсон жас кезінде жүзумен кәсіби түрде айналысып, сайыстарға да қатысқан. Ол салауатты өмір салтын сақтайды. Джейсонның кинофильмдердегі ұрыс тәсілі әсіресе ұнайды.
Джэйсон мен үшін талантты, ешқашан қартаймайтын, лайықты елітеу үлгісі.
Менің бір досым көптеген спорт түрлерімен шұғылданады. Спорт айналысу арқылы оның денсаулығы мықты. Мысалы,ол таңертен жүгіріп, жаттығу жасайды. Бұл іс әрекетімен ол демін ашады. Ал демі ашылғаннан көптеген жөтел т.б ауруларға шалдықпайды. Және бұл ғана емес. Ол көп спорт түрлерімен айналысады. Мен де одан үлгі алып, спортпен шұғылданып бастадым.
Мен қазақ тілі сабақтарын жақсы көремін. Қазақ тіл сабағының оқу озатымын. Қазақ тілін мен жақсы үйрендім. Мен қазақ тілі байқауына қатысқым келеді. Байқауда жулделі орын алу ушін бар күшімді салып дайындалып жүрмін. Мен байқауда жақсы жүлделі орын алатыныма сенемін жəне мен озімнің ұстазыма сенемін. Себебі ұстазым маған жақсы білім берді деп есептеймін. Мен ұстазымды жақсы коремін. Байқауға қатысу мен үшін өте маңызды. Өзімнің білімімді көрсеткім келеді.