Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар [35] қалдырайын. Ықылас бірлəн оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат — əуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нəрселер бірлəн. Мұның табылмақтығына себептер — əуелі һауас сəлим [36] һəм тəн саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ əлгі айтылған үшеуінен болады.
Ғылым-білімді əуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық өзің танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жəліб мəнфағат[37] дəфгы мұзарратларны[38] айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Аның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады я ол балалары өздері барған болады — ешбір бəһра[39] болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымга да, ұстазға да, хаттə[40] иман иғтиқатқа[41] да қиянат бірлəн болады. Бұл қиянатшылар жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кəмелат[42] таппағы — қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі — хақиқат жолы. Хақиқат бірлəн растық — қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?
Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, əр нəрсенің түбік, хикметін білмекке ынтық бірлəн табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һəмманы білетұғын ғылымға нттықтық, өзі де адамга өзіндік ғылым береді.
1933 жылы республика Суретшілеродағының ұйымдастыру комитеті құрылды.
Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы 1934 жылы ашылды
2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды
Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектеріұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды.
Сөздің құдіретімен досты дұшпан қылуға да дұшпанды дос қылуға да болады. Əр сөзіңе мұқият болып, сөйлегенде ойланып сөйлеу керек. Қазақ халқы ананың қасиетін жоғары бағалап, оған ауыр сөз сөйлемек түгілі "уф" деп айтпауға тыйым салған. Қартайған атаңа жылы сөйлеп, оның қартық шағын жүрегіне қайғы салмай жүгін жеңілдетіп, жанын жадырату қажет. Қыз баланың тəрбиесінде анасы басты рөл ойнайды. Егер анасы жақсы болса қызы тəрбиелі болып өседі. Егер анасы нашар тəрбие берсе, қызы-без болып өзгенің тілін алмайтын қайсар болып өседі. Сондықтан əрқашан қазақ халқы ұрпағының саналы болуы үшін жақсы тəрбие берген
Сəнді киіну дегеніміз əдемі болып киіну . Мысалы:адамдар тойға барар кезде сəнді киінеді неге десек себебі тойда олар əдемі болу керек кездесуде,тойда,бір жерлерге барғанда олар сəнді киінеді. Кейбір аламдар бар уйінде, ойнағанда сəнді киінеді бірақ ол киімдерді кір құлдырып тастайды ал оларды жусаң ғана кетеді негізі уйде, ойнағанда сəнді киім емес үйге киетін киімді киген дұрыс сəнді киімді тек қонаққа, тойға,т.б. жерге барғанда кйіу керек, себебі тойда, қонақта көп адамдар жүреді солардың көзінше сəнді киіну керек сол кезде адамдар сенің сауатты екеніңді білетін болады, ал үйде өзіңнің жақын адамдарыңның ішінде ұялмай кие беруге болады