Менің атым Ерали. Мен екінші сыныпта оқимын.Біздің мектебімізге жиырма жыл.Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым үшінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді.Мектепте көп жаңа дос таптым. Маған мектебім ұнайды. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін.
Ответ:
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ, өкінішке қарай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен көзін құртпақ болды. Сөйтіп ұлттың өзін жоюға тырысты. Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына келтіруге ниеттенуде. Бірақ, биліктің ұлттық құндылықтарға деген немқұрайлылығы көп жағдайда кедергі келтіруде. «Нарықтық қатынас, әлемдік қауымдастыққа кірігу» деген сылтаумен ұлттық құндылыққа көңіл нашар бөлінуде. Қазір жалпы ұлттық мүддеге қарағанда, әркім өзінің жеке қара басын көбірек ойлайды. Материялдық құндылықтар алдыға шығып тұрған заманда ұлттық құндылықтар көп ескерілмей қалып жатыр. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған.
Ағаш үстелі қолмен жасалуы мүмкін
Менің қағазым, бояуым, жемпірім
Сенің қағазың, бояуың, жемпірің
Сіздің қағазыңыз, бояуыңыз, жемпіріңіз
Оның қағазы, бояуы, жемпірі