Мён дукеннен алма,банан,апельсин,ананас сатып алдым.
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
<span />
Мүшәйра - ежелден қазақ жыршылық өнерінің қайнар көзі. Халық өз арасынан болашақ би-шешендерін осындай сындар арқылы талантын шыңдап, озық ойлысын марапаттап отырған. Осындай мақсатпен үстіміздегі жылғы қазан айының ортасынан бастау алған көсемсөз сайысы 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Жазушылар Одағының мәжіліс залында мәреге жетті.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» аттыРеспубликалық жыр-мүшәйраның ақтық сынына көрермен өте көп жиналды. Бұл мүшәйраның басты тақырыбы әрі ерекшелігі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Тәуелсіздік қарлығашы - Желтоқсан көтерілісінің бағасы мен маңызы ашып көрсету болды.
1986 жылғы 16-18 желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісі - қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық күрестің ең нәтижелі де салмақтысы болды. Дәл осы күндер, қазақ халқының егемендігін еңсеруде, тәуелсіздігін өз тұғырына қондыру жолында темірқазық болды және өз намысын ешбір жанға ешқашанда таптатпайтынын дәлелдеді. Желтоқсанның ызғары Алматыдан бастау алып, сол кездегі Қазақ КСР-нің облыс, аудан, ауыл жастарының, көрші өзге де мемлекеттер жастарының қолдауына ие болды. Бұл КСРО-ның тоталитарлық режиміне, аз ұлттарды жоюға бағытталған жымысқы саясатына қарсы ең алғашқы ашық қарсылық әрі билікке соққы болғанын айту парыз. Себебі, осы оқиға Бакуде, Вильнюсте, Тбилисиде, Мәскеуде және өзге де ірі қалалардағы толқуларға ұласып, соңында алып тоталитарлық империяның құлауына алып келді. Тарихи мәні мен геосаяси жағынан алғанда «желтоқсандықтар» көтерілісі, 1956 жылғы Будапешт оқиғасы, 1968 жылғы Пражск көктеміне ұқсастығы бар. Сондықтан да бұл көтеріліс тек қазақ жастарының ғана емес, қазақстанды мекен еткен өзге де ұлт өкілдерінің еркіндігіне алып келген ортақ жеңіс. Еркіндік, теңдік, сыйластыққа негізделген бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына түрткі болды.
Бүгінде Қазақстан - мықты әлеуетті, ұлттық экономикасы мен өз азаматының әл-ауқаты дамуы үшін мүмкіндігі бар әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі. Жоғарыда айтылған тарих жылнамасы мен оқиғалар желісі мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдеріне арқау болды. Шараның ұйымдастырушылары болып «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитеті шықты.
Байқауға 2011 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы аралығында елімізден және көрші мемелекеттерден 100-дің үстінде шығармалар қабылданды. Қатысатын ақындардың жасына шек қойылмады. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданды.
Мүшәйраның қазылар алқасына елге танымал белгілі мәдениет саласының өкілдері Бақытжан Момышұлы, Темірхан Медетбек, Ибрагим Исаев, Қазыбек Иса, Айдос Сарым және Ғабиден Жәкеев кіріп, жеңімпаздардың есімін жария етті.
Табифам кубалысти тапсырма/