Менің оқу құралдарым әртүрлі. Мен бәріне ұқыппен қараймын.
Менің кітаптарым мен дәптерлерім сондай таза.Менде сызғыш, ұштағыш, түрлі-түсті қарындаш тіпті циркульде бар.Оның бәрін мен сындырмай ұқыпты ұстауға тырысамын.
1)Қыс мезгілі аппақ,таза,әдемі.Ауа райы суық,аяз,жел,боран болады.
2)Қыс туралы Фариза Оңғарсынованың "Қырдағы қыс" атты өлеңін білемін:
Түнімен долы дауыл құрыстаған
Секілді арыстандай жылы ұстаған
Жамылып ақ көрепесін енді ғана
Маужырап байтақ дала тыныстаған...
Сол секілді Абай Құнанбайұлының "Қыс",Сергей Михалковтың "Белые стихи",Федор Тютчевтің "Чародейкою зимою",Жүсіпбек Аймауытовтың "Қыс" атты өлеңдерін,"Боранда күні ит пен бала құтырады","Қыстың көзі қырау" ,т.б мақал-мәтелдерін білемін.
3)Әлем елдері Жаңа жылды шырша безендіріп,үстел жайып,жақындарын шақырып,Аяз ата мен Ақшақарды шақырып,сағат түнгі 12 соққанды күтіп,ескі жылға алғыс айтып шығарып салып,жаңа келген жылды қарсы алып,мәз-мәйрам болып тойлайды.
4)Жаңа жылдық шыршаны орманнан кесіп әкеліп жылтырақтармен,зерлермен,түрлі түсті шамдармен,ойыншықтармен әшекейлейді.
Жаңа жылдық шырша-Жаңа жылдың символы.
5)Аяз ата немересі Ақшақармен,көмекшілері эльфтарымен қалың қаар жамылған суық орманда тұрады.Ал Жаңа жылда Аяз ата сиқырлы шанасына мініп,жыл бойы жақсы істер жасаған,үлкендердің айтқанын тыңдаған балаларға сыйлықтар беріп,барлығына жаңа жылдық қуаныш пен шаттық әкеледі.
6)Біздің мектепте Жаңа жылда оқушылар мұғалімдермен бірге мектептің ішін безендіріп,шырша безендіріп,Жаңа жылдық кеш жасап тойладық.
Қолғабыс ету көмектесу мағынасында қолданылады
Қасиет 3 буын
Қа-ашық буын
Си-ашық буын
Ет-ашық буын
Қ-дауыссыз, қатаң
А-дауысты, жуан
С-дауыссыз, қатаң
И-дауысты, жінішке
Е-дауысты, жінішке
Т-дауыссыз, қатаң
Қарны ашқан қазанға қарар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мешкей деген жақсы атақ емес.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Өле жегенше, бөле же.
Асы бар аяқтан аттама.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас адамның — арқауы.
Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы.
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбесастыңбөгеуі жаман.
Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Аш тамағым, тыныш құлағым.
Асқа талау түссе,
Антұрғанныңмұратын береді.
Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді.
Тас қадақ болғанмен
Тамақ болмайды.
Сұрап бергенше,
Соғып бер.
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.
Жетерін білсең, жей тұр.
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.
Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш.
Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.