Көктем...Жылдың ең әсем кезі. Даланың бәрі жасыл болайын деп жатыр. Құстар жылы жақтан ұшып келді. Балалар құстарға ұя жасап , далаға ағаш отырғызып жүр . Ағаштар бүршік жарып ,гүлдеп жатыр. Өзен, көлдерде мұз еріп калды.Көктемнің бірінші гулі "Бәйшешек" те шықты. Адамдар жылы киімін тастап, жұқа киімін кие бастады . Өйткені аспана шырайлы күн шықты .Мен үшін көктем ең сұлу жыл мезгілі!
1.Екі бала апасына, өсіп тұрған қызанақтарға, құнарлы қара топырақты жерге, құдіретті күнге алғыстарын айтты. Себебі оларға қызанақтардың дәмдері қатты ұнады. 2.Нағыз алғыс иесі - анасы. Себебі ол бақшаны күні-түні баптап күтті.Соның жемісін де сондай дәмді қызанақтар пайда болып отыр. 3.Оларға: өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнгенде, еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге алғыс айтатын болады,- деп ақылын айтты. 4.Мәтінде жалпы еңбекқорлық туралы айтылған.
Сыйлау
беру
таңдау
салу
сыйлау
сыйлаудың, айту
Бір жылда төрт жыл
мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз
ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі –
көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай
көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні
«Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің
мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа
жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.
Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен
біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз
ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық
– денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз
өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр
үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем
айын жақсы көремін!
Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай.
Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!