Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.
Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.
Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.
Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.
Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған
Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.
Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.
Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.[
Сабаққа ,астанаға ,алысқа, алыста,алматыға семейге
ға ге
Жайлау
Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр
маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне
қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе
біздің ауыл наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларьшда қыстаудан көктеуге
көшіп қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда
маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді.
Жайлау
— қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі
мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды. Онда жылдың үш маусымында
ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі
жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап
шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт
тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп.
Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының
үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке
өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу
болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ
бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп
қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.
Халқымыз «Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас». «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрімізге айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кетті. Қазақ бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Дуалы ауыз қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп отырған.
Данияр:салем, бұл сенің суреттерін бе? (данияр: привет, это твои рисунки?)
сен: Салем, иә, бұл менің суреттерім. (ты: привет, да, это мои рисунки.)
данияр:сен суреттерді жаксы салады екенсін! (данияр:ты хорошо рисуешь!)
сен: рахмет, сурет салу менің әуес- қойылығым. (спасибо, рисовать это мое увлечение.)
данияр: сен неше жасынан сурет салуды үйрендің? (данияр: со скольки лет ты научилась рисовать?)
сен:мен сурет салуды үш жасымда үйрендім! ( ты;я научилась рисовать с трех лет.)
данияр:менің портретімді салып бересің бе? (сможешь нарисовать мой портрет?)
сен:әрине, сабақтан кейін саябақта кездесейік. (конечно, встретимся в парке)
данияр: кездескенше. , (до встречи)
сен:кездескенше(до встречи)