Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанаттыМен жастарға сенемін!Кездерінде от ойнар,Сездерінде жалын бар,Жанн
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Кездерінде от ойнар, Сездерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар! Мен жастарға сенемін! Жас қырандар - балапан Жайып қанат ұмтылған. Көздегені - кек аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Сүттей таза жүректер, Қасиетті тілектер - Мен жастарға сенемін! (Магжан Жұмабаев)