1 компютердің көп пайдаланылуы
2 компютердің пайдасы
3 оның зиянды жақтары
4 компютермен жұмыс жасаудағы ережелер
10. Уэмбли, Лондон, Англия -90 000
Әлемнің ең үлкен футбол стадиондарының арасында оныншы орынды – Англияның басты футбол арнеасы Уэмбли иеленеді.
2007 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылған стадионға бір мезгілде 90 000 адам сыйып кетеді.
9. Камп Ноу, Барселона, Испания – 99 350
Тоғызыншы орынды тұңғыш еуропалық футбол алаңы Ноу Камп алады. 2001 жылға дейін стадионның ресми атауы Estadio del Club de Futbol Barcelona болып келді. Камп Ноу 1957 жылы тұрғызылып, 1998 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стадионда бір мезгілде 99 350 жанкүйер ойын тамашалай алады.
8. Мельбурн Крикет Граунд, Мельбурн, Австралия – 100 000
Сегізінші орындағы стадионды анықтау үшін Австралия құрлығына сапар шегуге тура келеді. Стадион атауы көрсетіп тұрғандай, бұл стадионда тек футбол ойындары ғана емес, басқа да спорт ойындарының өткізілетіндігін байқаймыз. Стадион тарихы алдыңғы ғасырдың орта тұстарынан бастау алады. Айтпақшы дәл осы Мельбурн Крикет Граунд 1956 жылғы Олимпиада ойындарының негізгі аренасы болған. Стадионда 100 000 адамның ойын тамашалау мүмкіндігі бар.
7. Азади стадионы, Тегеран, Иран – 100 000
Ең үлкен футбол алаңдарының рейтингінде Мельбурндағы алаңдағыдай бір мезгілде 100 000 адам сыйып кететін Иран жеріндегі Азади стадионы жетінші орынды иеленеді. Азади «Бостандық» деген мағынаны білдіреді.
Стадион 1974 жылғы өткізілген Азия ойындарына арналып, 1971 жылы тұрғызылған. Рейтингті анықтау барысында стадионның тұрғызылу жылына, географиялық орналасу аумағына назар аударылған.
6. Бунг Карно Стэдуим, Джакарта, Индонезия – 100 000
Тағы бір 100 000 адамды қабылдай алатын стадион Бунг Карно Стэдиум өзінің қайталанбас ерекшеліктерінің арқасында алтыншы орынды иеленеді. 1960 жылы тұрғызылған стадионда 1962 жылғы атақты Азия ойындары өткізілді.
5. Джавахарлал Неру стадионы, Нью-Дели, Үндістан – 100 000
Делидегі аталған мультиспорттық стадион 1982 жылы тұрғызылған. Стадионда тек футбол немесе басқа да спорт ойындары ғана емес, Үндістан жұлдыздарының концерттері жиі өткізіліп тұрады.
4. Букит Джалил ұлттық стадионы, Куала-Лумпур, Малайзия – 100 200
Төртінші орынды Малайзия астанасы Куала-Лумпурде орналасқан Букит Джалил стадионы иеленеді. Жоғарыдағы стадиондардан небәрі 200 адам сыйымдылығымен ерекшеленетін стадион 1988 жылы тұрғызылған.
3. Ацтека стадионы, Мехико, Мексика – 105 000
Үшінші орынды Мексика астанасы Мехикода орналасқан аты аңызға айналып үлгерген Ацтека стадионы немесе Estadio Azteca иеленеді. Арена 105 000 адамды қабылдайды. Стадион 1966 жылы тұрғызылған. Негізінде бұл орынға бразилиялық Маракана стадионының ие болуы мүмкін еді. Алайда соңғы жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін аталған стадионға бұрынғыдан әлдеқайда аз адам сыятын болды.
2. Солт-Лейк стадионы, Калькутта, Үндістан – 120 000
Екінші орынды анықтау үшін тағы да Азияға, тағы да Үндістанға ораламыз. Үндістанның Калькутта қаласында орын тепкен Солт-Лейк стадионы 1984 жылы тұрғызылған. Соңғы жөндеу жұмыстары 2001 жылы жүргізілді. Алюминийден жасалған шатыр стадионның 70% -ын жауып тұрады.
1. Бірінші мамыр стадионы, Пхеньян, Солтүстік Корея – 150 000
Әлемнің ең үлкен стадионы – Бірінші мамыр стадионы. 150 000 адам сыятын алаң Солтүстік Корея астанасы Пхеньян қаласында орналасқан. Ғимарат пішіні гүл жапырағын еске түсіреді. Стадион атауы бірінші мамырда аталып өтетін еңбекшілер күнінің құрметіне берілген. Стадионның ашылуы 1989 жылы бірінші мамырда өтті.
Қазақ халқы әнге (неге? барыс септік жалғауы) бай.
Біздің әнші композиторларымыз ұрпақтан (кімнен? шығыс с) ұрпаққа(кімге?барыс с)жалғасатын,құлақтан(неден?шығыс с) кіріп бойды алатын әсем әндер силайды.
Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені! Қазақстан- небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ, әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ - тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры- xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында . Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Алланың, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын дүркіретіп атап өтілетін 1-мамыр ұлттар достастығы мерекесі айқын мысал емес пе?! Сондықтан да, елімнің жанашыр патриоты ретінде Қазақстанымның әр жетістігін , әр бақытын кеудемді көкке көтере айтуға міндеттімін. Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да- біздің азаматтық парыз. Ата-бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары қиянат жасамайды деп ойлаймын! Қазақстан- Ұлы Дала Елі! Қазақстан- татулық пен бірліктің мекені!
<span>Толығырақ: </span>https://massaget.kz/blogs/22397/
<span>Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз</span>