Біз қазір қалада тұрамыз. Бірақ атам мен әжем және әкемнің бауырлары атам туған ауылда тұрады. Біз атам туған ауылға жиі барып тұрамыз. Біздің әрбір барғанымыз атам, әжем үшін үлкен бір мереке. Ал аулына келгенде әкемнің қуанышында шек болмайды. Шіркін, атамекен ауылым, кіндік қаным тамған жер, мен үшін сенен ыстық мекен жоқ деп,- аулына деген махаббатын жеткізеді. Ол және достарымен кездесіп бұл жерде менің балалық іздерім қалған, сағынышым, жасыл жайлауым, -деп ауылын аралап келеді. Апам бауырым, қарағым деп еркелетсе, әжем-құлыным деп еркелетеді. Атам туған ауылда бізде өте жақсы көреміз, көп бармай қалсақ, қатты сағынамыз.
Алмат деген бала ғарыш кер болғысы келеді ол сабақтардан кім болғың келеді ол ғарышкер деді достары оны былетын болды бір күннен ол ұйықтап жатқанда түсынде ғарышкер туралы болды бірақ тұрған соң ол ғарышта болды ол қуанды армандар орындалады тек қана күту керек сосын ол орындалады
Бір күні қасқыр бір ауылға келеді. Сонда ол үй есігінің алдында сүтті көреді. Сол сүтті ішемін деп үй қожайынның көзіне түсіп қалады. Сол кезде үй қожайыны терезедегі құмыраны алып лақтырады. Қасқыр сүтті алып жүгіріп қашады, ал әлгі адам оның артынан қуады. Адам қасқырды қуып бара жатып тасқа сүрініп құлап түседі. Ал қасқыр болса тоқсанға қарай қашып кетеді
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда
өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім
болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс.
Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу
үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді.
Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның
мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам
еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген
шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін
қанат.
Дәрігер
- арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген
ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді
тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген
еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол
бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен
қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді
деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай
мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін
жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық
иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.