Біздің отбасымыз өте тату.Біз мерекелерде бір бірімізге сыйлық жасаймыз..Менің анам гүлдерді жақсы кореді.Оның ең жақсы көретін гүлі -раушан гүлі.Сондықтан мен анама раушан гүлін сыйлаймын.Менің әкем көп кітап оқиды.Әкеме мен кітап сыйламын.Ал ең қымбат менің сыйлығым ата-анама оқуымды жақсы оқып,тәртіпті бала болу.
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? Мен - бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді – толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз – анықтауыш.
Бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.
Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар — салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.
Досыма (кімге?) бардым, төрде (қайда?) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен?) сырластым.
А. с. кітап, анасы, әкем.
І. с. кітаптың, анасының, әкемнің.
Б. с. кітапқа, анасына, әкеме.
Т. с. кітапты, анасын, әкемді.
Ж. с. кітапта, анасында, әкемде.
Ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен.
К. с. кітаппен, анасымен, әкеммен.
Сабақты етістік Салт етістік
Кітап оқы /нені т. с жал жасырын күйде тұр/
Гүлді жұлма
Малды суар
Мақаланы жаз Досыма бардым /барыс септігі/
Төрде жатыр /жатыс септігі/
Мектептен шықтым /шығыс септігі/
<span>Анаммен сырластым /көмектес септігі/</span>
Сәлеметсіз бе? Маған мына баскиімді көрсетіп жіберіңізші
Сәлеметсің бе? Қандай түсін берейін?
Екі түсінде көрсете беріңіз
Мінеки, киіп көр
Мына ақ түсін алайын, осы ұнап тұр.
Рахатыңа ки.
Рахмет, сау болыңыз.
-Салем
-Салем
-Калын калай?
-Жаксы озиннин?
-Жаксы
-Бугин биз казак тили сабагында жана такырып оттик
-Кушти
-Маган жана такырыптар унайды! Неге? десен ойткени жана такырыпта сен жана малимет аласын
-Мммм))Тусиникти мен бугиннен бастап казакша сойлеуди жон кордим ойткени бизге болашакта керек болады
-Дурыс айтсын мен саган Абай атамыздын бир созин айткым келип тур
-Кандай?
-Озге тилдин барин бил оз тилинди курметте
-Енди мен тусиндим коп-коп рахмет саган бугиннен бастап мен казакша уйренуге тырысамын Саубол!
-Саубол!
Сама думай ......................