Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шаңыртып, Сұлтанын суға сұлатып, Ханшасын қақпа алдында жылатып, Ернін еттей тесісіп, Кеңірдегін кесісіп, Жыраға басын түсіріп, Жылғадан қанын ағызып, Басын кессем деп едім! Еділдің бойы ен тоғай - Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда - Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін кескілеп, Отын етсем деп едім. Туырлығын тескілеп, Тоқым етсем деп едім. Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім. Әлдилеген баласын Жетім етсем деп едім. Хан сусыны сары бал - Сұраусыз ішсем деп едім. Ханның киген кіреуке - Үстіме кисем деп едім. Қанікейдей көріктіңді Қалыңсыз құшсам деп едім. Тінікейдей тектіңді, Ителгі көзін төңкертіп, Күшіктей даусын қыңсытып, Аш күзендей белін бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артыма салсам деп едім. Тілекті құдай бермеді - Өздеріңдей хандарды Осылай бір қылсам деп едім! Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның Екіталай болғанда Азыққа етін жеп едім. Хан баласы ақсүйек - Ежелден табан аңдысқан Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас! Хан баласы ақсүйек - Байеке сұлтан сен болып, Сендей нарқоспақтың баласы, Маған оңаша жерде жолықсаң, Қайраңнан алған шабақтай Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер демес ем
Мұғалім берген тапсырманы орындау керек. Үлкендерді құрметтеу үшін, олардың сөздерін жақсы тыңдау қажет.Кішкентай балалармен ойнауды жақсы көремін. Мен би билегенді уйренгім келеді.
Мен сабақтан бос уақытымда кітап оқимын Маған фантастикалық, таңғажайып және детективтық шытырман оқиғалар өте ұнайды, Үшінші сыныпта анам маған бірінші кітапты сыйлады,ол Жюль Верның шығармалары болатын, Сол кітаптан мен үлкен әсер алдым,Ал кейін, ғылыми-фантастикалық шығармалар оқи бастадым ол Ф. Бэконның ""Жаңа Атлантида' кітабы ,Агата Кристидың детективтері.
Детективтік роман оқысаң , шытырман оқиғада детективтер қылмысты істерді ашып,сол қылмыскерді табады,мен сол оқиға мені баурап,сондықтан кітап біткенше дейін оқып тынамын.
Өкінішке орай қазіргі жаңа заманауи технология заманында адамдар кітапты оқуды мүлдем ұмытқан.Кітаптың орнының компьютерлер,гаджеттер алған,
Кітап-бар білімнің бастауы,. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы деп ойлаймын<span> </span>
Күн суа бастады.Жамбыр жауып тұр.Жапырақтар түсіп жатыр.Аяжан мен Асет саябақа бара жатыр.Екеулері қолшатырды өздерімен бірге алыпты.Асетікі көк, ал Аяжандікі сары.