Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды — қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту — Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» — деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» — дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
<span>Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.</span>
Кумырскалар коп енбек етеди .олар жазда тамак истейди.кумырскалар ер турли тусти болады мыйсала кызыл тусти коныр жэне кара тусти.олардын кишкентай уйлери болады.
<span>Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.</span><span>Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктіқ септелу үлгісі. А. бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім I. барудың, сөйлеудің, айтуының, керулерінің, келуімнің Б. баруға, сөйлеуге, айтуына, көрулеріне, келуіме Т. баруды, сөйлеуді, айтуын, көрулерін, келуімді Ж.баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде, келуімде Ш.барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен, келуімнен К. барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен, келуіммен Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі. Жақ I. келуім, келуіміз, келулеріміз II. келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз III. келуі, келулері</span>