Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Ответ:
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ, өкінішке қарай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен көзін құртпақ болды. Сөйтіп ұлттың өзін жоюға тырысты. Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына келтіруге ниеттенуде. Бірақ, биліктің ұлттық құндылықтарға деген немқұрайлылығы көп жағдайда кедергі келтіруде. «Нарықтық қатынас, әлемдік қауымдастыққа кірігу» деген сылтаумен ұлттық құндылыққа көңіл нашар бөлінуде. Қазір жалпы ұлттық мүддеге қарағанда, әркім өзінің жеке қара басын көбірек ойлайды. Материялдық құндылықтар алдыға шығып тұрған заманда ұлттық құндылықтар көп ескерілмей қалып жатыр. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерімдеген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар
Жекеше/копше деп болинеды.
Тойған қозыдай, <span>қой аузынан шөп алмас
</span>