Тіл халықтың алтын діңгегі өзін өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап мақтан тұта білуі керек өйткені халықтын д<span>аналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады !</span>
Елордамыз күннен-күнге дамып, оның сәулесінде еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінің де берекесі артып, халқымыздың басындағы бақыттың ғұмыры ұзара берсін.
Бүгін, сонымен қатар, мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да туған күні. Екі айтулы күн қатар келіп отырған бұл датаның ерекшелігі де осыда. Президентімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.
Eлдігіміз eңсeлі, тәуeлсіздігіміз тұғырлы болып, eліміз мәңгі жасап, қол жeткізгeн жeтістігі молайып, жайнай бeрсін! Асқақтай бeр Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын!
Қазіргі таңда үш тілде білу-заман талабына айналып кетті. Бұның маңызы өте зор. Бұл тілдер: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Әр қайсысының өз ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ тілі- ана тілі болғандықтан, оны білу парыз. Ал орыс тілі мен ағылшын тілі қазір әлемдік деңгейге көтерілгенндіктен, және шет елге шығып қалған жағдайда керек болады. Сондықтан, жаһандану заманында үш тілді білу-міндет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қантардың 24-інде) белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік — таза көк аспанын бейнеллейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.
<span>Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.</span>
Дара Абай-дана Абай
Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы, философ, аудармашы, композитор, саяси қайраткер болған. Оның шын есімі Ибрахим. Абайдың 176 өлеңі мен 45 қара сөзі бар. Оларды оқып басатаған әр адам оған қызығып, бар ойын салып оқиды. Абай орыс және еуроппа ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Оларды домбырамен күй қылып тартқан. Ол басқа балалармен ойнағаннан гөрі өз әжесінің әңгімесін тындағанды жақсы көретін.
Ну это все что я знаю!