1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Республикалық газетжурналдар басылымдарында қызмет істеді.
1972–1977 жж. аралығында «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
1977–1984 жж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында, бұдан соң 1986 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында қызмет істеді.
1986–1993 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.
Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында Редакциялықбаспа бөлімінің меңгерушісі.Отбасы - зайыбы Алпысбаева Роза - көп жылдары білім беру саласында қызмет істеген, қазір зейнеткер. Балалары - Ардақ (экономист-қаржыгер), Ернар (заңгер), Әсел (халықаралық туризм менеджері, халықаралық журналистика магистрі), жоғары білімді мамандықтары бойынша әртүрлі қызмет салаларынада еңбек етеді, әрқайсысы үйлі-баранды, олардан немерелері бар.