Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компассыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Керемет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықтарын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары аралар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданған тәсілі өте таңғаларлық. Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды сосын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды.
Менің Қазақстаным Менің туып, өскен жерім- Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан Республикасының рәміздері- ұлт мақтанышы.Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран.Туда бейнеленген көк түс- көгілдір және ашық аспанымыз, қалықтап ұшқан қыран бейбітшілік пен бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран- әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ. Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын- қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып өмір сүріп жатыр.Ал мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек. Көзді ашып жұмғанша астанамыз – Астана қаласы – Елордамыз мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім. Кіндігімді кескен жер де Қазақстан. Ата- анам мені туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйретуде. Қазақстан мен үшін ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де мәңгі бақи сүйіп өтемін!
Қазақстан менің жерім, менің елім,
Қадірлеп, қастерлеп сені өтемін, - деп ақын жырында айтқандай, мен болашақта мамандығым қандай болса да, елім үшін тер төгіп гүлденіп көркеюіне өз үлесімді қосамын!
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын!
Компьютер казирги заманда оте коп колданылатын техника.Заман тез дамып жатыр.Компьютерде сабакка дайындалып,бос уакытынды откизуге болады.Компьютер казир барлык адам бола алады.Бул оте дамып жатыр.
ШЫҒАРМА
МЕНІМ ОҚУЫҒЫМ.
Мен оқушы болғандықтан менде оқулықтарым өте көп.Мен өте таза устаймын.Мен оқулықтарымды қаптап журемін.Сондықтан олар өте таза болады.