Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.
Адамдық диқаншысы - Ахаң
Ақын Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысты қолдан бермейтін, адал азамат болған екен. Руластарына қысым көрсеткен Торғай уезінің бастығы, полковник Яковлевті соққыға жығып, 15 жылға Сібірге айдалыпты. Әкеден тірідей айрылу бала Ахметтің жан дүниесіне қатты әсер етіп:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Алданып жегеніме оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам, –
деген алғашқы өлеңін шығарады. Патша әкімшілігінің әкесі мен туысқандарына көрсеткен қорлығы жанына жазылмастай жара салған ол өз өмірбаянында: «Осы бақытсыздық менің Торғай қаласындағы мектепке түсуіме себеп болды», - деп жазды. Кішкентайынан зерек, талапты Ахмет алғашында 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін жақын маңдағы ауыл мектебін бітіреді. Сосын Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде білім алып, оны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектепке оқуға түседі. Оны тәмамдағаннан кейін өзінің бүкіл саналы ғұмырында алдына мақсат етіп қойған қазақ балаларының сауатын ашу жұмысына бар күш-жігерін арнайды. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді Ахаң. Істі ағартушылықтан бастау – халқын құлдықтан азаттыққа алып шығатын жол екенін жақсы түсінген ол бастапқыда Ахметкерей Қонысбаев деген байдың үйінен мектеп ашып, кейіннен Аманқарағай ауылнай мектебінде бір жылға жуық бала оқытады. Көп ұзамай Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне ауысады. Міне, осылай Ахаңның бұралаңы көп ұстаздық жұмысы басталады. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын қорғап, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды», – деп жазса, ақынның өзі ол туралы:
Адамдық диқаншысы – жолға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлайды. Алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен қарапайым мұғалім Ахаңды кейін бүкіл ұлттың ұстазына айналады деген ой сол сәтте ешкімге де келмеген болары сөзсіз
-салем
-салем
-калын калай ?
-жаксы , озин калайсын ?
-керемет ! Ал сен куыршак театры туралы билесин бе ?
-Иа ! Куыршак тетырында куыршактар ойнайды .
-Сонда олар тири ме ?
-Жок куыршактармен адамдар баскарады .
-Сонда калай ?
-Куыршактар арнайы театырга жасалады , олар кишкентай болады . Адамдар оларды кролдарына киып спекьакльдар корсетеди .
-А енды тусындым , Рахмет саган ,сау бол !
-Корискенше !
Ен – түбірі (етістік),+гіз – өзгелік етіс жұрнағы,+е – көсемше жұрнағы,+ді – жіктік жалғауының 3 жағы.
Көмек – түбірі (зат есім),+тес – есімдерден етістік тудыратын жұрнақ,+е – көсемше,+ді – жіктік жалғауының 3 жағы.
Жабдық – түбірі (зат есім),+та – есімдерден етістік тудыратын жұрнақ,+л – ырықсыз етіс жұрнағы,+ған – есімше жұрнағы.
Бер – түбірі (етістік),+іл – ырықсыз етіс жұрнағы,+е – көсемше,+ді – жіктік жалғауының 3 жағы.
Көр – түбірі (етістік),+е – көсемше;ал – түбірі (етістік),+атын – есімше.
Бар – түбір сөз (етістік).
Беріледі сөзіне морфологиялық талдау:
1) Беріледі – етістік. Не істейді?
2) Бастапқы формасы:бер.
Тұрақты белгілері:Дара,туынды,болымды,салт.
Тұрақсыз белгілері:ауыспалы келер шақ.
3) Синтаксистік рөлі - баяндауыш.
1-Қазан - Қарттар күні - Қазақстан Республикасында тек шектеулі орталарға ғана белгілі мереке. Осы жауапты жазбас бұрын оқыған адамның мұны білу-білмейтінін тексергім келген. Меніңше сіз де білмейтін сияқтысыз.
Неменеге жетiстiң,бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр .
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi кутiп,әнеки,жағада тур.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетiмдiк басымызға.
Жалаңашка шекпенiн шешiп берiп,
Бiр күлшесiн бөлiскен ашымызға.
Арсыз күлкiн тыйылмас,жылауында,
Айтысында басылмас,ыланыңда,
Араздасып ағайын кетер едi,
Бiр қария болмаса бiр ауылда.
Бiз қария болғанша,
Кiм бiледi,
Баламызда шал болып үлгіредi.
Бiр-бiрiнен екi шал асамын деп
Кiм бiледi.
Бiр-бiрiн бүлдiредi.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...(М.Мақатаев)
Қазақ халқында ақсақалды қарттарды,қарияларды-көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы,қазынасы деп,қадiр тұтқан,қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса,қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса,осы қарияларға жүгiнген,олардың шешiмдерiне тоқтаған.Алысқа сапар шекседе,алдымен осы қариялардың алдынан өтiп,батасын алып аттанған.Сол кездегi аузы дуалы талай шешендер мен данышпан,данагөй қарттарымыздан қалган даналы сөздерi мен мәтелдерiнде қазiргi кезде ұмытпадық,ұмытпаймызда!
"Заманына қарай адамы"деген. Заман тоздыма,әлде адам аздыма,бiлмеймiн,қазiргi кезде осындай ақсақалдарымыз азайып кеттi. Жастары бiразга келген кейбiр ақсалдарымыздың аузынан дана сөздер емес,"шiрiген ауыздан iрiген сөз шығады"демекшi,былапыт сөздер естiп,мүңкiген арақ иiсiне тұншыгасын. Астына қымбат көлiк мiнiп,қасына немересiндей жасөспiрiм қыздарды ертiп,барар жерi-ресторан,түнгi клуб,монша! Арине,бүл көпке шашқан топырағым емес. Бірақ осындай көріністерді кәзірлері жиі кездестіретініміз рас!
Немересiн алдына отырғызып,ақылын айтатын,жыр-дастандарды жатқа айтып,аузыңның суын ағызып қызықты әнгiмелер айтатын,тарих сырына үңiлiп,сыр шертетiн,үлкен-кiшiге үлгi болып,өнегесiн көрсететiн,бұрыс жерде дұрыстап,дұрыс жерде қолпаштап жiберетiн қазыналарымыз қайда кеттi?!
"Батаменен ел көгерер"деген. Бата түгiл,бес намазын оқып,парызын орындап жүргендерiде шамалы. Кейбір "аташкалар"дүние қуып кеткен,көсемдер жоқ,көздерiн шел басқан,шешендер жоқ,ауыздарына кұм құйылған. Өзiнен кiшiлерге жалпақтап,алдарында "маймылша"бұлаң қағады. Қадiр,қасиеттен дым қалмаған! Артымда не қалдырсам,қандай игi iс жасасам деген ой жоқ! Қалай байысам,қалай әдемi қартайсам деген,"мен"деген өзiмшiлдiк бар тек қана!
Аллаға шүкiр,қазiр азғындыктан безген,оқу,ғылымды қуган,намазға жығылған,тура жолды таңдаған жастар өсiп келедi. Осыларға қарап,тәубе дейсiн! Болашақта,қандай байлық,мансабым болды деп емес,қандай үлгi боларлық iстер жасадым,қандай игi iстер жасауды,қалай үлгi болуды,ел сыйлайтын азамат болудың қыр,сырын айтып,ақыл берiп,түзу жолга салып отырар ел сыйлайтын ақсақалдар,қазыналар өсер деп үмiттенемiз!
"Әдемi"қартаюды ойлағанша,жанымызға қазына жинап,рухани бай болып қартаюды ойлайық!