Труды-еңбек сабағы, казахский язык-қазақ тілі, математика-математика литература-әдебиет, ИЗО-сурет сабағы, англиский-ағылшын
Ответ:
~ кай жерге шыгасындар ?
~ біз ертен демалыс болган соң тауга шығамыз деп жоспарладык
~ аа сен барасың ба
~ иа сен ше
~ мен бара алмаймын себебі ауырып турмын
~ иа егер ауырып турсан бармай ак кой
~
Ответ:
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!