Махаббат пен құмарлық Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей, Миға хабар бермей ме түсi өзгермей. Әдейiлеп көрейiн демесең де, Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей? Сол сықылды көңiлдiң көзi ашылса, Көп ойланып, қиынға сермей-сермей. Бiлер, айтар, оятар, жыбыршытар, Еркiңдi алар, сөйлетер тыным бермей. Ойдан маржан, меруерт төгiлгенде, Отыра алар кiм шыдап оны термей. Дағды қылсаң, дап-дайын iстiң бәрi, Адамзат тұра алмайды әдетке ермей. Бал ашқан соң оп-оңай бақсы болмақ, Ол қоя ма ғайыптан хабар бермей. Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас, Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей. Бiр рюмкадан басталар маскүнемдiк, Наша үстiнен нашаға өрлей-өрлей. Ойласаң, соның бәрi – бiр құмарлық Қуа бермей қайтедi тепши-терлей. Аздан кейiн араны ашылады, Қаза берсе, таусылмас шыққан кендей. Жердiң жүзiн қыларсың бiр-ақ уыс, Бәрiнен де өзiңнiң кеудең кеңдей. Жын да – жын, құмар да – жын, мастық та – жын, Өлең де – жын, қоя ма бойды жеңбей? Шын құмар шымырлатпай қоймас, сiрә, Әр жерге соқтықтырар аққан сеңдей. Әрине, бiр құмарcыз өмiр қараң, Ондай жанның тұра алмас оты сөнбей. Сүйтсе де ифрат бар, тафрит бар1, Жарай ма соны айырып реттемей. Не қылсаң, қыл адамға махаббат деп, Мейлiң сөк, мейлiң үйрет, айла iзденбей. Ол сүюiң шын болсын, жалған емес, Бұлдыр болма өзiңе-өзiң сенбей. Дүниеқұмар, залалкес бола қалсаң, Өлiмдi ойла келерлiк күнi ертеңдей. «Маған сүйтсе, қайтер ем?» деп ойлашы, Адамның баласы ғой о да сендей. Шырақтар, ең құмарың осы болсын «Алла сүйсең, адамды сүй» дегендей. Құмарың бiр, iсiң көп болсын, жаным, Көпке құмар, ерiншек болма мендей. «Молданың iсiн қылма, айтқанын қыл», Ерте сақтан әр iске әдеттенбей. Қапы қалсаң, қайта оқып, тағы да ойла, Деп жүрме: «Сөзiң қалды iшiме енбей». Ой құмар, өлең құмар, малға құмар – Бұл үш құмар қоя ма менi көмбей. Қайрат қайтса, амалсыз бәрi қайтар, Қайран ой қартаяды-ау өзiм өлмей. Ермегiм жоқ, өлiмнен үмiтiм жоқ, <span>Қайтейiн осындаймен көңiл бөлмей.</span>
Ас адамның арқауы.Таңғы асты тастама.Дастарқанның басында дұшпан да дос.Атың барда – жер таны желіп жүріп,Асың барда – ел таны беріп жүріп.Берген ас түске жетпейді,Ниет естен кетпейді.Жоқты бар десең – құт болар,Барды жоқ десең – жұт болар.Сыйлап берсе суын іш.Тату үйдің тамағы тәтті.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.Жарлының бір тойғаны шала байығаны.Сыйласқанның суын іш.Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.Аштың ақылы астан әрі аспайды.Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.Тоқ адамды ұйқы басады,Аш адамнан ұйқы қашады.Дастарханда наны жоқтың,<span>Тамағының сәні жоқ.</span>
1 Тема -Аке наурыз өандай мереке? -Балам наурыз біздің жаңа жылымыз. Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Кун мен түн теңескен кун.-Біз оны қалай тойлаймыз? -Біз наурыз мерекесінің ең бастысы наурыз көже жасаймыз. Оған жеті турлі дәм қосылады.
Жаңа жыл қуанышты мереке! Жана жылда барлык адамдар шаттыққа қуанышқа бөленеды. Жана жыл мерекесі маған өте катты унайды . Жана жылда əрбыр уйде шырша безендырылып турады. Жана жыл менің отбасыма унайды. Барлык адамдар жана жылга керемет дайындалады. Бызде отбасымызбен керемет дайындаламыз.
Ана туралы бұл өмірге бізді анамыз кнлтіреді сондықтан ананы сыйлау керек ана баға жетпес дүние оған ештеңе тең келмейдіатаң дәулетің анаң жәннатың деп бекерге айтпаған