Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады.
Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана.
Ақсай қаласы номер школы
ЖОББМ класс например 6. "а"
оқушысы твоё имя и фамилия-ның
қазақ тіліне арналған дәптер
Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші деп келеді. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көршілеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға базарлық әкеледі. Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрді тоқымқағар деп атаймыз. Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде тоқым қағу тойы жасалады. Келін түскенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады..
Қос сөз[1] – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады.