<span>Құстар жануарлардың маңызды тобы. Біз қай пән болмасын құстар туралы айтамыз. Құстар туралы білетініміз де аз емес. Ендеше, есімізге түсірейікші, үй және дала құстары болады. Бәріміз назарымызды тақтаға аударайық, құстарды суретіне қарап атап, астына аттарын жазып қояйық.
Интерактивті тақтадан құстарды көрсете отыра, қай құс екенін жазу.
ҮЙ ҚҰСТАРЫ: күркетауық, әтеш, үйрек, қаз, тауық
ДАЛА ҚҰСТАРЫ: аққу, сауысқан, қарлығаш, қараторғай, бүркіт, құр </span><span>ШЫМШЫҚ – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.
АЛА ҚАРҒА – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді.
ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
ТОҚЫЛДАҚ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі
</span>
ДФонетика
Өсімдік - 3 буан, ө - ашық, сім - бітеу, дік - бітеу.
Ө - дауысты, жінішке, ашық, еріндік.
С - дауыссыз, қатан
і - дауысты, жінішке, қысан, езулік
М - дауыссыз, унді
Д - дауыссыз, уян
і - дауысты, жінішке, қысан, езулік
К - дауыссыз, қатан
__________________
Сөзде 7 аріп, 7 дыбыс бар
Қас қарайғанда,қанына сіңу,қолы ашық,қу мойын,құлағын бұрау,құлаш сермеу,қызыл тіл,қызыл сирақ,қорыта айтқанда,аһ ұру,уһ деу. Фр
Rlin
Балам, күн батып, қас қарайғанда үйде болғаның дұрыс. Ағзаға енген микробтардың адам қанына сіңуі тез. Оның қолы ашық, жомарт. Ол бір сөзінде тұрағы жоқ, қу мойын адам. Менің атама өтініш айтпас бұрын алдын ала біраз дайындап, құлағын бұрау қажет. Білуге ұмтылып, білім алып, биікке құлаш сермеу жастардың міндеті. Өнер алды қызыл тіл. Олардың отбасы өте кедей, қызыл сирақ. Қорыта айтқанда, сен биыл жазғы демалыста ауылда өткізесің. Олар балаларын ойлап, аҺ ұруда. Аз ғана жер жүрседе, қариялардың уҺ деу әдеті.
Заманга сай болу керек деп ойлаймын
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, сұрапыл жылдардағы естеліктері мен жылы лебіздерін тыңдап қайтты. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында милиция қызметі ардагерлерінің арасында 9 майдангер, 28 тыл еңбеккері мен соғысқа қатысқандардың 8 жесірі бар.
Шаяхмет Мырзақанов – 90 жаста. Сол бір сұрапыл жылдар Ұлы Отан соғысы ардагерінің әлі есінде. Соғыстан кейінгі жылдары ол Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында қызмет атқаруды жалғастырған. Ол әр жыл сайын өзге ардагерлермен бірге туған ведомствосына құрметті қонақтардың қатарында келіп тұрады. Үстіміздегі жылы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ведомстводағы ардагерлер кеңесінің мүшелері қарт сарбаздың үйіне халін сұрай келді. Жеңіс күні қарсаңында майдангердің кеудесіне медаль тағып, материалдық көмек және сыйлықтарын табыстады. Ал ақсақал отты жылдары бастан өткерген естеліктерімен бөлісті. «Сіздің ерлігіңіз – батылдықтың, әскери және азаматтық міндетке берілгендіктің үлгісі. Сіздің ерлігіңіз әрдайым біздің жадымызда. Оны ұрпақтан ұрпаққа айтып отыратын боламыз. Осындай бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін, Жеңіс үшін алғысымыз шексіз», – деді ІІД бастығы майдангердің үйінде. Шаяхмет Мырзақанұлы қонақтарға келгендері үшін алғысын айтып, еңбек және өмір жолы жайлы естеліктерін әңгімеледі. Сұрапыл жылдардағы ерліктерімен Прасковья Кочнева да бөлісті. Ол көп жылдар бойы азаматтардың құжаттары мен куәліктерін дайындаушы болып қызмет атқарыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдеріне генерал ұлы мен подполковник немерелері жайлы мақтанышпен айтып, бүгінгі полицияның жұмысы туралы сұрастырды. Облыстық ІІД медициналық қызметінің басшылығы да осы сынды шараларды қолға алып, 30 жыл адал қызмет атқарған Борис Иванович Пьяновқа келді. Соғыс аяқталған уақытта ол 9 жаста болған. Оның есінде соғыстан кейінгі жылдар ғана қалған. Хирург болып қызмет атқарып, кейін 1972 жылы ішкі істер органдарына медициналық қызметке ауысыпты. Запастағы подполковник ардагер жас қызметкерлермен жинақтаған тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, елде тыныштық пен таулықтың болуын тіледі. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер Жеңіс күні қарсаңында жерлес, Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковті еске алды. Салтанатты шара Қызылжар ауданының Березовка селосында өтті. Ардагер өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастаған. КСРО ІІМ Алматыдағы офицерлер мектебін тәмамдаған соң, Түмен облысына қызметке жіберілді. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының Воронеж облысында милиция қатарында қызмет істеген. Майданда жүріп қалаларды жаудан азат ету кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы, Алтын Жұлдыз медалі мен Ленин ордені берілген.