Ответ:
Дос адамның ең жақын, ішкі дүниеңді айтпай ақ біле алатын, сырыңды тыңдап, ақыл беруге дайын керемет жан. Достық туралы шексіз айтуға болады, себебі достық адамға берілген ең сыйлы қасиеттерінің бірі. Қазақ халқында достық туралы керемет мақал бар: " Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" деген. Расымен де, достыққа жетер дүние жоқ. Достық тек екі құрдас арасында ғана емес, ол ата анамен бала арасындағы достық болуы мүмкін, ұстаз бен оқушы арасындағы достық және т.б. Менің достарым көп және мен олардың әрқайсысын сыйлаймын. Қолда барды сыйлау керек деп бекерге айтпаған емес пе?
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән-жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
(Жұбан Молдағалиев)
«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір-бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.
Суу, буу, қуу, жауу, сауу
Ыстық сорпа суу қажет.
Жүн толы қапты буу керек.
Біз қыз қуу ойынын тамашаладық.
Қолды жуу тазалық белгісі.
Жайлаудан келген сиырды сауу үшін анам шелегін дайындады.
“Кәнтөжни” қария (қазақы әңгіме)Шал шығарған шатақ<span>…Сүт пісірім уақыт бұрын ғана бұл шаңырақ қуана қауышқан мәре-сәре үнге бөленіп жатқан. Хамзе қарттың қалада қызмет істейтін ұлы бала-шағасымен қонаққа келіп еді. Қырық сылтауы таусылмай, төрт-бес жыл төбе көрсетпей қойған. Сағынысып қалыпты. Арқа-жарқа әңгімемен шай ішілді. Сол жадыраған көңілмен далаға шыққан. Қарияда бас жағы баршылық. Ұл-қыздарының көбі өз төңірегінде түтін түтетіп отыр. Оқу оқып, ғылым соңына түскен осы ұлы ғана. Шал үшін «Хамзенің қызметкер ұлы мәшинесімен келіпті» дегеннің өзі бір мәртебе. Ауылдағы қарадомалақтарымен салыстырғанда қаладан келген немерелері қандай. Көп қаздан мойны озған аққудай көрінеді. Киімдері мұнтаздай, қимылдары ширақ.
Бәрі жарасымды, бәрі сүйкімді-ақ еді. Осы керемет сәт қас-қаққанша нілдей бұзылды. Бұзған – қос немеренің қос ауыз орысша сөзі. Сағынып көрген немерелерінің шүлдірлегенін естігенде қарттың қаны басына тепті.</span><span>Қой соймаққа қамданып жатыр еді. Қолындағы пышағын қора төбесіне ызалана лақтырды. Әлгінде ғана бауыздалғалы тұрған қара қой өрісті бетке алып, маңырай безді. Екі немересіне қарап: «Ай, атаңа нәлет-ай! Не оттап тұр мына иттер?!» деп зор дауысымен ақырып қалғанда, ауладағы бала-
шағаның зәре-құты қалмады. Қияңқы шалының қаһарынан ыққан кемпір байғұс бүкшеңдеген қалпы үйге зып берді. Ашудан түтіккен шал зіркілдей сөйлеп қамшыға ұмтылғанда, не жазып қалғанын ұқпаған екі ұл әке-шешелеріне қарай құстай ұшты. «Әй, жетесіз ит-ай! Қалада оқып, қызмет қуғанда жетістіргенің осы ма? Ата жауыңның тілін шаңырағымда шәңкілдеткенің қай қорлығың? Осы қорлықты көрсетейін деп келдің бе, маған, а?» деп тұра ұмтылып, қызметкер ұлын қамшымен тартып-тартып жіберді. Қанына қарайғаны сонша, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты. Айғай-шуға көрші-қолаң жиналды. Ара түскен ұл-қыздарына бой бермей, «Орыстың атаңа қылған айуандығын ұмыттың ба, әй, ит? Кәпірдің тілінде сөйлеген ұрпағымды көзімнің тірісінде сен көрсеттің-ау. Санасыз неме! Енді қайтып бұл табалдырықты аттап басушы болма!» дегенді кесіп айтып, ұлының жер-жебіріне жетіп, ақыры боқтап-боқтап үйінен қуып шықты. Шалдың ашуы басылды-ау деген шамада қайта айналып келген ұлы, әкесінің аяғына жығылып, жылап тұрып кешірім сұрап, зорға татуласты. Жиналған жұрт аң-таң.</span>
Ответ:
ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.