Қазақстан халқы
Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті.
Қазақстан халықтары - тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің кайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады. Қазақстанда байырғы қазақ ұлты және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Қазақстардың саны 2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 11 058 мың адам болған, яғни ел халқының 65,2%-ын құрайды. Елдегі орыс ұлтының өкілдері - 21,8%, өзбектер 3%, украиндар 1,8%, ұйғырлар 1,4%. Салыстырмалы түрде кәрістер, дүнгендер де аз емес.
Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек.Құмырсқаның илеуіне қарасаң бірі кіріп, бірі шығп қүжынап жүреді.Құмырсқалар ешуақытта ұйықтамайды. Олар өте көп болса да, илеуде өте тату түрады. Таңсәріден кешке дейін қысқы азықтарын бірігіп тасиды. Өте кішкентай болса да, өзінен екі есе үлкен дәндерді тасиды.
Анам жұмыстан келгенде мен оған əрдайым көмектесемін,анам маған кішкентай камкоршы дейді
Дәрігер
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Әрбір қыз бала -ұлттың анасы. Сол себепті бұрынғы кезден ақ қыз тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Анасы қызына өз білгенінің барлығын үйретуге тырысқан. Бала кезінен ақ үй шаруасына көмектесуге шақырып, ұсақ-түйек шаруаларға көмектесуін талап еткен. Анасынан барлық шаруаның қыр-сырын үйренген қыздар пысық әрі ақылды болып өскен. Қазіргі кезде де сол дәстүр сақталып қалған. "Анасына қарап , қызын ал" деген мәтел бекер айтылмаса керек...