Балалар бөлмесі-балаларға арналған арнайы бөлме.
Демалыс бөлме - шаршағанда мауқынды басатын,арнайы дематын бөлме.
Жуынатын бөлме-арнайы жуынуға арналған бөлме.
Жатын бөлме-ұйықтауға арналған жеке бөлме.
Қонақ бөлме-қонақтарға арналған үлкен,арнайы бөлме.
Асхана-тамақ ішуге,тамақ əзірлеуге арналған бөлме.
Тату үйдің бақыты тасыр,Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.Жолдасы көптің – олжасы көп.Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.Татулық табылмас бақыт.Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.Ағаш тамырымен,Адам досымен мықты.Ұрыстың мерейі – ерлік,Ырыстың мерейі – бірлік.Жаман жолдастан мықты таяқ.Жолдасты жол айырады.Қасың менен досыңдыҚас-қабағың танытар.Ауыл итінің достығыСүйек тастағанша.Ерегескен ел болмайды,Есептескен дос болмайды.Досы көппен сыйлас,Досы азбен сырлас.Екі жақсы қосылса,Өлгенінше дос болады.Екі жаман қосылса,Өлгенінше қас болады.Дос таппай көңіл тыным таппас.Көршің қолайлы болса, қораң кең.Жолдасың жақсы болса,Жолым ұзын деме.Жолдасың жаман болса,Қолым ұзын деме.Қадіріңді білгің келсе,Көршіңнен қарыз сұра.Елсізде ит те жолдас.Тар жерде табысқан,Кең жерде келіседі.Жолдасың соқыр болса,Сен де бір көзіңді қысып қой.Досыңа ат берме,Ат берсең, ақырын жүр деме.Досы жоқ адам —Тұзы жоқ тағам.Жаман дос жауыңмен бірге шабады.Достың орны — төр,Дұшпанның орны – көр.Жаңа дос келгенде,Ескі достың көзінен жас шығады.Жартыны жарып жеген –Татулықтың белгісі.Заттың жаңасы жақсы,Достың ескісі жақсы.Біреу жаныңа жолдас,Біреу малыңа жолдас.Жолдасын тастаған жолда қалар.Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.Шошқаға ерген балшыққа аунар.Жақсымен жүрсең,Жақсы боларсың.Жаманмен жүрсеңЖын ұрып, бақсы боларсың.Досы көптің жаны семіреді,Асы көптің тәні семіреді.Жақсының күнде бір үйі кеңиді.Жаманның күнде бір үйі кемиді.Дос тұтқанды қадірле.Өз басыңды дауға берсең де,Жолдасыңды жауға берме.Жалған достан жау артық.Аталастан ауылдас жақын.Жақсы көрші тапқаның,Мол олжаға батқаның.Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.Жалған жолдас көзіне мақтар,Сырт айналып, сойылын баптар.Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.Төбелеске бергісіз араша бар,Ағайынға бергісіз жанаса бар.Ай көрмесең туысың жат,Жыл көрмесең жолдасың жат.Қасқырда жолдасына жат қас қылмайды.Дос болып, қатасқаннан сақта құдай.Дос көтерер көңілді,Мал көтерер өлімді.Айтулы достың малы бір.Дос табылса ас табылмайды,Ас табылса дос табылмайды.Ас бар күнде дос жалықпас.Дос сүйгеннің түсіне қарама.Досыңның атын алма, тайын ал.Есепті дос айрылмас.Дос айырған боқ жейді.Нағыз дос дұшпан болмас.Досыңның пышағымен мүйіз кес.Досың ұрса аңқылда.Жақсы досқа жақсы мал бер.Досы көпті жау алмас.Досыңның досын, досың ет.Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.Құрдастардың құдайы бір.Жаман туғаның болғанша,Жақсы жолдасың болсын.Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды.Доспен дос болғанға шаттанДұшпанмен дос болғаннан сақтан.Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең,Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.Дос жылатып айтар,Дұшпан күлдіріп айтар.Айтулы достың малы бір,Кемедегінің жаны бір.Досыңа өтірік айтпа,Дұшпаныңа сырыңды айтпа.Әкесі құрдастың баласы да құрдас.Жаман жолдастан,Жақсы дұшпан артық.Аз қайғыны ас басады,Көп қайғыны дос басады.Денің сау болса,Жарлымын деме.Жолдасың көп болса,Жалғызбын деме.Дос сыртыңнан мақтар,Дұшпан көзіңе мақтар.Досыңмен көп сөйлеспе,Жолынан қалтырасың.Дұшпаныңмен көп сөлеспе,Сырыңды алдырарсың.Күлме досыңа, келер басыңа.Досқа ауырлығыңды салма,Достан қарыз алма.Айрығысы келген дос,Аяулыңды сұрайды..<span>
</span>
Мен оқушымын
Сен оқушысын
Сіз оқушысыз
Ол оқушы
Тұрмын
Тұрсын
Тұрсыз
Тұр
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Өмірбаяны
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі <span>«Қызыл Қазақстан»</span>журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және«Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (<span>қазіргі Санкт-Петербург</span>) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп«Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін,«Қилы заман» романын, <span>«Хан Кене»</span> пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.