Ақ,қыз, Торе, өрнеу,байпақ, ержигит
Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі.
<span>Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.</span>
«Туған жер»
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін ол аса қымбат отбасыдан басталады. Дәл осы ортада менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейді. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған жерді, туған елді аңсайсың. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» демей ме? Адам туған елдің құдіретін, қасиетін одан алысқа барғанда ғана сезінеді. Ал бұл сағыныш сезімі басқа сезімдерден ерекше ғой. Бұл - Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат. Туған жеріне, еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін білдірмеген адам жоқ шығар, сірә?. Өле-өлгенше бар жанын өлеңге арнаған, Отан десе жүрегі мәңгі лүпілдеп тұратын жандардың бірі М. Мақатаев атамыз:
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
<span>Отанды сүйгенің де күйік екен... ,-деп жырлағандай мен де өз елімді, өз жерімді мәңгі бақи сүйіп, оның құдіреті мен қасиетіне бас иіп өтемін!</span>