Сенің туған күнің. Менің туған күнім-өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі. Менің ойымша,əр адам үшін өз туылған күні өте маңызды күн. Себебі,біріншіден,туған күн жылына бір рет қана болады. Екіншіден,адам өз туылған күнін ешқашан ұмыта алмайды. Менің туылған күнімде ең бірінші қатты қуанатын адам-ол менің анам. Себебі,анам мені 9 ай өз құрсағында көтеріп,мені аялап,мені қорғады. Мен анамды жақсы көремін. Бірінші мен Аллаға мені жаратқаны үшін алғыс айтамын.Екінші анам мені балалар үйіне тастамай кеткені үшін,мені жақсы көргені үшін анама мың алғыс айтамын!
Ауылдың дастарқаны өте сыпайы түрде жасалады мысалы:қазы қарта, шелпек, ет, чай әсіресе қонақ келгенде менің апам, және анам дастарқанды өте керемет жасайды!
Біздің отбасында бәріміз әкемді тыңдаймыз. Анам әрдайым әкелеріңді сыйлаңдар.- деп үйретеді. Бұл ежелден келе жатырған ата дәстүріміз. Әкем де біздің ешқашан көңілімізді қалдырған емес. Бос уақытында бізді түрлі істерге баулиды. Компьютер жөндеу, түрлі программалар орнату сияқты. Ал, әкем әрдайым анама мерекелерде гүл сыйлайды. Оларға қарап бізде отбасылық құндылықтарды бағалауды біліп, өсудеміз. Біз отбасында тату тұрамыз.