Ответ:
Берілген сұрақтардың дұрыс жауаптары.
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер қандай болады?
А. Тұрақты, орнықты.
2. Мына сөйлемге сәйкес келетін тұрақты сөз тіркестерін табыңдар.
Менің әкем ылғи біреудің затын рұқсатсыз алма деп айтып отырады.
С. ала жібін аттамау.
3. Отбасындағы жақсы тәрбиеге жатпайтын ұғымды көрсетіңдер.
В. қызбалыққа салыну, үлкенге қарсы келу.
4. Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты жақсы көр, көзіңнің қарашығындай сақта. Берілген сөйлемдегі тұрақты тіркес қандай мағына беріп тұр?
А. Қорғау, аялау.
5. Қазыбек би өмірде не қымбат екенін айтты?
В. Отан, әкең, анаң.
6. Сөйлемді толықтырыңдар: « ... басында болса, бақыт жанында болады».
В. ақыл.
7. Ана тәрбиесі кімге, әке тәрбиесі кімге үлгі?
Д. Қызға, ұлға.
8. Қуану сөзінің мәнін ашатын тұрақты сөз тіркесін табыңдар.
А. Екі езуі екі құлағына жету.
9. Туыстық атауға қатысы жоқ сөзді табыңдар.
В. көрші, сырлас, ұстаз.
Объяснение: