Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп". Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге саяды.Тіршіліктің арқауы алдыменен тамақ. Дүние жаратқаннан бері жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін, күн көруі алдындағы айдап өсіріп жүрген малының амандық, жамандығымен байлаулы. Өнері, кәсібі, зауыты, фабрикасы бар, табиғатты қолданған мәдениетті елдер қыстың қысымын қазақтай көрмейді. Болмашы боранға, жауын-шашынға, топтанған бұлтқа, ауысқан желге, керек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың зор мағына беруі әшейін еріккеннен тапқан ермегі емес, қыстың ауыр, я жеңіл өтуінен тіршілігі өзгеретін, жеңіл болса - құт, ауыр болса - жұт болатындығын байқаған тәжірибеден шыққан нәрсе. Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? Малсыз қазақтың күні бар ма? Сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда, ызғырық боранда бейнет шегіп, еңбек сіңіріп, малымен бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүріп, бірге ығып, қыс қандай қысылса, жаз сондай жазылатын, жадырайтын шаруашыл, еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн - Наурызды, қалайша мейрам етпесін. Соңғы жылдар қазақтың шаруасын күйзелтіп, байтақ елі ашаршылыққа ұшырап, ойын ойнап, тойын тойламақ түгіл, барар жер, басар тау таба алмай дағдырған еді. Енді, шүкір, аздап заман түзеліп, шаруасы оңалуға айналғаннан кейін, жұрт алдырмай-шалдырмай аман-есен жазға жетіп отыр. Сондықтан бұл Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі дүнияға жаңа келгендей мәз-мейрам болса керек.
Мен ініме кеңес бердім. жақсы адамдардың ниеті түзу болады. құда болу ата бабамыздан келе жатқан дәстүр. ауылдан көшіп кетуге мəжбүр болдық. жетім бала елімізде аз болса ғой.
<span>Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.</span><span>Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын
қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте
берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде
айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап
бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған. </span> Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың
дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек,
тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіпті
күшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татыған
барқыт қымыз осындай баппен дәмді.Қымыз Қымыз — халқымыздың бірнеше
ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек
тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын,
байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа
тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері,
салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Көктем туып, құлындаған
бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы
ашытқы қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі
ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады.
Мұны "қымызмұрындық" дейді. Дайындау әдісіне. касиетіне, сапасына жөне
сақталу уакытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөлелі. Және олардың әр түрін жылқы жасына байланысты атайды.
Бал қымыз — бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз; сырқат адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі. Сірге жияр қымызы — күздігүні бие ағытарда бірнеше күн жиналған қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен. Уыз қымыз — бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Май қымызы деп те аталады. Сары қымы — жаздың ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз.
Кош-қоннан қымыз коп шайқалып, коп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып,
ашуы білінбей, қымыздың күші оз бойына сіңген сарғылт болады. Сары
қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.
Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болып
отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың
көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу
жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз
ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин
синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып,
жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.
Дала аппак жапалактап кар жауып тур тынбастан калын орман кар жамылган маужырайды тунги аспан о алакай аяз атай келе жатыр алыста кане досым анге косыл анге косыл калыспа
Красивость человека не одежда, а знание, потому-что человека не встречают глядя на его одежду, а глядя на его знание. Знание откроет для человека правильный путь. И поэтому человек не ленясь должен брать знание.