Дүкенде сәнді киімдер өте көп. Ажарлы болу үшін таза, әдемі киініп жүру қажет. Қыс мезгілінде барынша жылы киініп жүрген дұрыс. Маған көбінесе ақшыл түсті киімдер ұнайды. Бойшаң адамдарға қысқа тігілген киімдер жараспайды. Ал қысқа бойлы адамдарға қысқа киімдер жарасады. Жаз мезгіліне жұқа матадан көйлектер тіктім. Бүгін мен жақсы көретін аяқ киімдер дүкеніне бардым. Ондағы аяқ киімдер сапалы, әрі төзімді. Сонымен қатар, ішкі киімдер дүкеніне де соқтым. Менің киімдерім әрдайым таза және үтіктеулі болу керек.
Күшейткіш үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
Қазақ халқы салт дәстүрге аса мəн берген.
Адамгершілік мәдениетке жатады.