Ответ:
Біздің үйіміз орталықта орналасқан. Үйдің айналасында оң жақта Мәдениет үйі, сол жағында EXPO-ға арналған жасыл-желек бар. Үйден бір көшеден кейін мектеп ғимараты орналасқан. Біздің үй әдемі мекемелердің жанында тұрғанына қуанамын.
Күз келді. Күз-табиғаттың ең әдемі мезгілі,Жапырақтар қызыл-сары түстерге боялып,жер сары кілемге оранғандай болады.Күн салқындады ,жыл құстары жылы жаққа ұшып кеттті.
<span>Бақшада барлық жемістер піседі,Күз айында балалардың жазғы демалысы бітеді,Барлық бала мектепке барады</span>
<span>Мен ата-анаммен циркке бардым. Иттер ойнады, маймылдар биледі. Екі піл бір-бірімен доп ойнады. Өте қызық болды . КЕЛЕСі демалыста мені қаитадан циркке апарады</span>
Шығарма
Ана тілім Асыл қазынам
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына". Жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
<span>Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.</span>