Қойдың сүті қорғасын.
Ер қанаты --ат.
Түйе байлық,жылқы мырзалық.
Сиыр сауған шөлдемес.
Өріске мал жарасады,атқа жал жарасады.
Ел көркі --мал. өзен көркі тал.
Малы бардың назы бар.
Жақсы ат жанға серік
Жақсы ит малға серік.
Қазақ халқы өздерінің балаларын ең алдымен ізгілікке, кішіпейілдікке, имандылыққа, инабаттылыққа үйретуді міндеп етіп алған. Ұл балаларға ауылдың ақсақалдарымен қос қолмен амандасуды, олардың алдын кесіп өтпеуді үйреткен. Жас балаларға (сіз) деген сыпайылық, (сен) деген жаман сөз екенін, "Адамдықтың белгісі - иіліп сəлем бергені", "кішіпейілдіктен кішіреймейсің" деген ақылды мақалдарды жастарға айтып отырған.
Адал достық алтыннан да қымбат
Еңбек ардагері
Ардагер- құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіреді. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайлы. Жеке адам қоғамды ерекше істерімен, ақыл парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана апдагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп айтылады.