Күнделікті өмірде біз теледидар , радио, ғаламтор, газет- журналдар жəнə де достарымыз арқылы көптеген жаңалықтарды көреміз жəне естиміз.Жаңалықтарды естіп таңғаламыз , өз ойымызды айтамыз .
Көптеген айналамыздағы жаңалықтарды есту арқылы информация жинаймыз. Жер шарында не болып жатқанын
білеміз.
*біреудің шығармасы, көмегін тигізер деп ойлаймын)
Мен сенің өміріңнің жалғасымын...
Алла қаласа, жақын күндері менің асқар таудай әкем асқаралы алпыс жасқа келеді. Мен әкемнен 3 есе кішімін, яки ол кісінің 40 жасында көрген жалғыз қызымын. Неге екені белгісіз, анамнан гөрі әкеме қатты жақынмын. Кішкене күнімде әкем мені «ақ» дегенде аузымнан түстің, сосын шешең емізгеннен басқа уақытта қасымнан тастамай жүрдім» деп алдайтын. Бала көңіл соған да сенді.
Тағы бір нәрсе, мен өзі өмірге үлкен күреспен келген баламын, ағам екеуміздің арамыз – 1 жас 2 ай. Анам ағамды (37 жасында) кесір тілігімен дүниеге әкелгесін дәрігерлер оған мені дүниеге әкелуге запрет қойыпты. Айтатын уәждері: ішіңнің операциядан қалған жарасы жазылмаған, ертең ішің жарылып кетуі мүмкін, бір балаға да шүкірлік қыл. Шыбын жан тәтті ғой, анам көөөөп ойланады, әкеме қараса, ол көзі жәудіреп, үндемейді, мені аман алып қалғысы келген ғой. Көрер жарығым бар екен, анам жасанды түсікке екі мәрте барғанда, дәрігер оны қайта-қайта қайтарып жіберіпті. Сөйтіп, әупірімдеп жүріп қақаған қыстың ортасында айғайлап мен кеппін мына өмірге.
Ответ:
Досым, мен атам мен әжемнен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтар алдым. Міне, енді өзімнің осындай жақсы жаңалықтарыммен өзіңмен бөліскім келеді. Сен бесіктің не екенін білмейтін боларсың? Бесік жаңа туған нәрестенің жатын орны. Оны ұсталар ағаштан өрнектеп жасайды, бесіктің түрлі жабдықтары болады. Сәбиді бесікке салу үлкен мереке. Бұған ағайын-туыстар жиналады, көпшілігінде болатын әже, апалар. Бесікке нәрестені сыйлы, халық алдында абыройлы кісі салады. Бесікке бөленген нәрестеге арнап бесік жыры айтылады. Балаға бата беріледі. Бесікке бөлеген анаға сыйлық тарту етіледі.
Шілдехана - нәресте перзентханадан үйге келгенде жасалатын той. Ағайын, дос, бауырлар жиналып, дастархан басында балаға құтты болсын айтып, бата, тілектерін білдіреді.
Балаға діни қызметкер немесе үлкен аталар баланың құлағына азан шақырып ат қояды.
Тұсау кесер- бала тәй-тәй басып енді жүре бастағанда ата-анасы халқын жинап, елдің құрметті азаматына баласының тұсауын кестіреді. Бұндағы мақсат бала өмірде сүрінбесін, жолы ашық болсын, саналы, салауатты адам болсын,-деген.
Әзірге айтарым осы, сау бол досым.
Объяснение:
Халык, мемлекет, отан, туган жер