Дайындық: үйҚажет уақыт: бөлме саны мен соңғы уборкаға байланысты. Тек 12-14 сағаттан аспауы керек, қонақтар шашылып жатқан үйге кірсе ыңғайсыздау болар… Е … тағы, “бос қолдар” санына да байланысты екен ғой…Қонақтың шақырылу уақытына байланысты “үй жиыстыру” процедуралары басталады. Ең алдымен, көзге “оттай” батып тұрған шаң басқан/баспаған телевизор экранын, газет-журнал тұратын үстел үстін(үстінде тұрғандарды астындағы полкаға жинағансып тыға салуға болады), айналарды бір сүртіп, үй ішінде шашылып, ақтарылып жатқан заттарды көзге түспейтінде жерге қою керек, міндетті түрде. Үлкен үстел алғызбай жүргендігіңді мойындап, екі кіші үстелдерді біріктіріп, дастарханын төсеп қою – уақытты үнемдеуге бір септігін тигізеді.Ескерту: бір сүртіп деген бірінің шаңын біріне жағу емес.Дайындық: асМаманың жұмысына араласпаймыз, жалпы. Бірақ, “турап бер!”, “аршып жібер”, “пісіре сал”, “араластыр!” деген сыңайлы бұйрықтарын орындамауға болмайды. Асханаға “аспаз” ретінде жол жоқ болғандықтан, келер қонақ санына қарай үстел әзірленеді. Орындық тасу, салфетка/стақан ұмытпау, үлкен/кіші қасық дайындау, ет тартылатын болса, пышақтарды қайратып алу… Алдын ала “не керек?” деген сұрақтың барлық жауаптарын білу міндетті болмаса да, білген қажет.2 саты: Қонақ келдіБіріміз қалмай кіреберіске шығып “Сәлеметсіздер ма?!” деп сырт киімдерін алудан басқада шаруаң жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… Қонақтардың алдында “құрдай жорғалау” емес, бірақ былай ыңғайын табуға тырысасың деп ойлаймын, жалпы.Қонақтардың әйел заты асханаға “зып” етеді, ерлері құрылған үстел жаққа жылжиды. Асханада – мама, залда – папа. Кіші кезімізден үйреткен екен – қонақ отырған орынға “сыпыңдап” кірмеу, бірдеңе сұрау былай тұрсын. Қонақ баласын бағуды, тыныштық сақтауды асханада жүруге жасы жетпегендердің біріне жүктейміз. Асханаға кезекші ретінде тағайындалған “қызмет” көрсетуші – шайдың ыстық болуына жауап береді. Қалған қолы бостар – ерігуге рұқсат – қонақ баласын “шұқылап”, жылатасың ба өз еркің, бірақ БІРАҚ тыныштыққа жауапты “қызмет” көрсетушімен қарым-қатынасың шытынауы мүмкін.3 саты: Қонақты шығарып салу<span>Біріміз қалмай кіреберіске шығып “Сау болыңыздар!” деп сырт киімдерін беруден басқада шаруың жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… “Сарқыт” деп пакет дайындау керексің ба жоқ па – білмеймін… жастарда ондай жоқ қой деймін… Өзімнің қонақтарымды үйге шақырмайды екенмін :) конечно много, но я старалась
Қоғамдық орында ұялы телефонды пайдалану ережелеріне бір мысал келтірсек. Яғни, басқаларға кедергі келтірмей, өз мақсатыңда қолдану. Әрине қоғамдық орын болғандықтан ұялы телефонның дауысын жоғары қою міндетті емес. Тағы қосар мәселе ұялы телефон қымбат болса, оны басқалардың көзінше көп қолдануға болмайды. Өйткен, қазіргі заманда афералық әдістер бар. Соның нәтижесінде қоғамдық орында ұялы телефоныңнан айырылып қалуың мүмкін.
Жол ережесі! Жолды міндетті түрде ала жолақтан немесе бағдар шамнан өту керек. Ала жолақтан өтерде адам бiрiншi сол жағына, сосын оң жағына қарап, машина тоқтағанына көз жеткізіп, содан кейін ғана өту керек.