Қазақ дәстүрі
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Наурыз көже жасау үшін:
Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!
Барасынба,келесизбе,демалама,айтасынба,келеме,демаласындарма,айтасызба
Марат əдемі гүлдер сатып алды.Саян терезелер таза.Мынау мектептегі орындықтар.Арман жаңа кітаптар алды.
Сабит шекілдеуік отырғызды.Ол оған қарады.Кейін шабдалы ағашы өсті.Кейін ол басқа да жемістерді отырғызды және сәлден кейін бақшасы болды.Оны "Кішкентай бақшашы "деп атады.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.