Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күні жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.