Ол оған барып,өлеңін айттырды
1.Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
2.Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)
3.Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.
(шар)
4.Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
№4.
Мақал: Алтын берген – дос емес,ақыл берген – дос.
Мағынасы: Достықты ақшаға сатып алу мүмкін емес.Достық тек қана достықты жақтайтын адамдардың қолында.Олар нағыз достар.Қиын кезде қол ұшын беріп,ақыл беретін – достар.Ақшаға сатып алған дос,ақшаң таусылған кезде сенің оған керегің жоқ.Сен оған барынды бердің.Ол сені ақшаң бар кезде бағалап,ақшасыз қалғанда сені таптағандай болады.
<span>Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір
мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік
пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен
қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың
мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не
шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар
достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден
арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік
достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен
көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
“Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”,
“Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос
дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік
мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы
саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату
шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
</span>
Математика- ғылымдар патшасы.
Ғылымды сүю мектептен басталады.
Ғалымдар- терең ойлы, ерекше қабілетті адамдар.
Тақырып бойынша зерттеу жүргізілді.
Ғылымды дамытуға зор үлес қосты.
Еліме пайдалы қызмет етемін.
Талмай ізденсең мақсатыңа жетесің.