Отан, туған жер, ел туралы
Ел мен жер егіз.
Елге бай құт емес, би құт.
Жұрт дегенде жұмылып,
Ел дегенде егіліп.
Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы Майқы би.
Е, құдайым, би қыл,
Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.
Елшіге өлім жоқ.
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
Елшінің қылышы – тіл.
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
Аталар сөзі –
Ақылдың көзі
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Адам елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.
Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Біздің отбасымыз Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында қоныстанған. Руымыз Найман. Найманның ішінде Төртуыл, Төртуылдың ішінде Тоғыз деген ел боламыз.Мен шығармамды үлкен атам Ахмет деген кісіден бастағым келіп отыр. Менің отбасымның айтуы бойынша ол кісі өте денелі, бойшаң болған және өте қатал болған. Ол сол кезде бай отбасынан шыққан және өте білімді адам болыпты. Ахмет атаның алты ұлы болған. Ал мен сол Ахметтің улкен ұлы атам Мамырдың қолында өсіп, тәрбиелендім. Менің әкемнің аты Болат. Мені кішкене кезімнен апам мен атам бағып-қақты. Біз ол кісілерді өті жақсы көреміз. Өкінішке орай ол кісілер қазыр бұл өмірде жоқ. Бірақ біз оларды үнемі есімізге алып, сағынып отырамыз.Апам мен атамның тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген ағамның қолындамыз. Және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. Біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз.Біздің қазіргі тұратын жеріміз Алматының шетінде Алмалы-бақ деген жер. Ол жердің табиғаты өте тамаша. Біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. Жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның балалары мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. Мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.
Кешірім сұрау керек,не болғанын түсіндіруін талап ету керек, мен мақтаншақпын , аққуды атпаймыз достықты сатпаймыз, оған уәдеде тұрмаған қалаи екенінкөрсету керек дәл өзінің әдісі боиынша мқмкін түсінер, бұнысы дұрыс еместіін аиту керек, сабырланып жанға жағымды ән тындау керек көмектеспесе жастықты басқа қойып бір айғайлау керек
Қазақстан республикасының тәуелсіздік күні 16 желтоқсан.
Осы күні Жоғарғы Кеңес мемлекеттің егемендігі туралы заңды қабылдады. қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші ұлыбритания мойындады.
<span>Алақай қыс мезгілі басталды! Қыс - өте әдемі және тамаша жыл мезгілі. Қар жауып, жердің бетіне ақ кілем төсейтіндей .Қыста барлығымыз далада бір-бірімізге қар лақтырып, көңіл көтеріп ойнаймыз. Достарымызбен бірге қосылып, аққала жасаймыз.Қыстың айларына – желтоқсан, қантар, ақпан жатады.Қыста өте суық және аязды болады. Үйлердің терезелеріне аяз түрлі ою өрнек салады.Қыс өте ғажайып мезгіл. Мен қысты өте жақсы көремін және асыға күтемін.</span>